Тбилисидегі базарлардың бірінен ірі өрт шықты (ВИДЕО)

1101
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_8739-960x500.jpeg?token=4ce0d436831dc5e2a0857c04001b9ea5

30 сәуір күні Тбилисидегі «Вокзал алаңы» метро станциясының жанындағы базарда ірі өрт болды. Бұл туралы Грузияның төтенше жағдайларды басқару қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, таңғы сағат алтыда 2-қабаттағы аяқ киім дүкендерінің бірінен өрт шыққан. Ол шамамен 15 мың шаршы метрді шарпыған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза тапқандар жоқ. Грузияның ішкі істер министрлігі оқиғаның себебін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

https://youtu.be/BEXQddBs2nw?si=e6sFuP8b5DyZedjl  
Комментарии