«Талибан» қозғалысы әскери шеру өткізді

3073
Adyrna.kz Telegram

14 қарашада Кабулда «Талибан» қозғалысы  американдық және ресейлік тікұшақтардың трофейлік бронетранспортерлерін қолдана отырып әскери шеру өткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Reuters-ке сілтеме жасай отырып.

Шеруге ондаған американдық m117 құрышпен қапталған машиналары, Ми-17 тікұшақтары қатысты. Көптеген сарбаздар американдық M4 автоматтарымен қаруланған.

Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Энаятулла Хорезмидің мәлімдеуінше, бұл шеру жаңадан дайындалған 250 сарбаздың шығарылуымен тұспа-тұс келгенін және "Талибанның" көтерілісшілер күшінен тұрақты армияға айналғанын көрсетті.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ "Талибан" олжаларын есептеп, Ауғанстандағы билікті басып алғаннан кейін топтың әскери әлеуетін бағалаған болатын. АҚШ барлау қызметінің алдын-ала бағалауы бойынша, содырлардың қолында 2 мың доңғалақты бронды техника, HMMWV армиялық жол талғамайтын көліктер және 40-тан астам ұшақ, соның ішінде UH-60 Black Hawks тікұшақтары мен ScanEagle дрондары бар.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер