Трамп шетел фильмдеріне 100 пайыз баж салығын енгізбек

1508
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_8870-960x500.jpeg?token=6db186632800e0426085ae2adc21c040

АҚШ президенті Дональд Трамп шетел фильмдеріне 100% баж салығын енгізуді тапсырды. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, отандық киноөндіріс күннен-күнге құлдырап барады.

«Көптеген ел америкалық киноөндірушілерді өзіне тартып жатыр. Сондықтан мен АҚШ-тың Сауда министрлігіне шетелде шығарылған кез келген фильмге 100 пайыздық баж салығын енгізу процесін дереу бастауға бұйрық бердім. Біз Америкада түсірілген фильмдерді көргіміз келеді»,—деді президент.

Өз кезегінде Сауда министрі Говард Лютник бұл істі қолға алғанын жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін Лос-Анджелесте кино саласының мамандары митингіге шыққан болатын.

Комментарии