АҚШ-та жаппай атыс болып, 16 адам жарақат алды

996
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_8894-960x500.jpeg?token=8c8ea504e3f5e11236fc5954b081f421

АҚШ-тың Хьюстон қаласында ұйымдастырылған туған күн кешінде атыс болып, 16 адам жарақат алды. Бұл туралы елдің құқық қорғау органдары айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқыс оқиға 3 мамырдан 4 мамырға қараған түні сағат 00:40 шамасында Черрихилл көшесінің 6000-блогында болған. Полиция мәліметінше, кешке шақырылмаған бейтаныс адам келіп, кенеттен оқ жаудырған. Оған жауап ретінде іштегілер де қару қолданған.

16 мен 40 жас аралығындағы 15 адам оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілген. 18 жастағы жігіт медициналық мекемеде көз жұмған.

Қазіргі таңда атысқа күдікті адамның жеке басы анықталып жатыр.

Комментарии