Қытай мен Ауғанстан арасында Қазақстан мен Өзбекстан арқылы теміржол бағыты ашылды

976
Adyrna.kz Telegram
Фото: Синьхуа
Фото: Синьхуа

Қытайдың Чунцин қаласынан Ауғанстанның Хайратон қаласына алғашқы тікелей жүк пойызы жолға шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, 10 ақпан күні таңертең Оңтүстік-Батыс Қытайдағы мегаполисті Ауғанстанмен байланыстыратын бірінші теміржол бағыты ашылған.

Пойызда 55 контейнер жүк тиелген. Олардың ішінде Қытайдың ZTE телекоммуникациялық компаниясы өндірген байланыс жабдықтары бар. Жүк Қорғас шекаралық бекеті арқылы Қазақстан мен Өзбекстан аумағын басып өтіп, 12-15 күн ішінде Хайратонға жетеді.

Қытайлық компания өкілдерінің айтуынша, тікелей теміржол тасымалы жүк жеткізу уақытын 3-5 тәулікке қысқартады, ал логистикалық шығындар 15-20%-ға төмендейді.

Чунцин билігінің мәліметінше, бұл қала Қытай мен Еуропа, сондай-ақ Қытай мен Орталық Азия арасындағы 18 мыңнан астам халықаралық жүк пойызын жөнелткен.

Жүк пойызы Қазақстан мен Өзбекстан аумағы арқылы өтеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер