Екі айдан кейін табылған: кәмелетке толмаған қыз әпкелерімен жанжалдасып үйінен қашып кеткен

2049
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысының полицейлері екі айға жуық іздеуде жүрген, із-түзсіз жоғалған 17 жастағы қыздың ізіне түсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Облыстық полиция департаментінде нақтыланғандай, 21 жастағы Алматы тұрғынынан сіңілісінің жоғалғаны туралы арыз 12 қыркүйекте келіп түскен. Алматылық келіншек 15 тамыз күні сағат 15:00 шамасында ауылда әжесімен бірге тұратын 17 жастағы сіңілісінің жоғалғаны туралы мәлімдеген.

Жоғалған қызды іздеуге Қарасай аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы сондай-ақ қоғамдық көмекшілер мен еріктілер жұмылдырылды, деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Қарасай аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері (Айдос Садықов пен Мейір Бірлік) іздеуде жүрген қыздың тұрған жерін анықтап үлгерді – ол Жамбыл облысының Ақшолақ стансасынан табылды.

Орынға кеткен жедел уәкілдер қашқынды тауып, оны қамқорлығындағы әжесіне қайтарды.
Алматы облысы ДП баспасөз қызметі

Кәмелетке толмаған қашқын қыздың айтуынша, ол әпкелерімен жанжалдасып, үйден қашып, даяшы болып жұмысқа тұрып, жалдамалы пәтерде тұрған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер