Қазақтың утопиясы мен Асан Қайғы

5617
Adyrna.kz Telegram

Асан Қайғы қазақтың жырауы, көрнекі тұлға және Қазақ хандығының құрылуының негізгі рухани концепциясына айналған Жерұйық” ілімінің негізін қалаушы.

Негізінде, Асан Қайғы қазақтың бірінші философы ғана болып қоймай, сондай-ақ жерді пайдалануды ұйымдастыру туралы көптеген ұсыныс жасаған географ пен топограф та болған. Ол өз заманының біраз мәселесін шешуді қолға алып, өз философисының орындаушысы болды десек те қателеспейміз. Асан Қайғы келесідей мәселелерді қарастырған: аумақтарды айқындау, мемлекеттік басқару қағидалары мен қағидаттары және біртұтас ұлттың қалыптасу ерекшеліктері. Қазақтан шыққан алғашқы философ атағына лайықты болуының тағы бір себебі – есімінің “қайғы” сөзімен тіркесуі болып табылады. “Қайғы” сөзі терең мағыналы эпитет және екінің бірін сипаттау үшін қолданыла бермейі, бұл эпитетті көпті көретін, ыстық сезетін және ақылды тұлғаларға қатысты қолдану орынды.

Асан Қайғының ойлары экзистенциалды философияның ойларына негізделген, сол үшін ол өз ойларын қайғы жанрында жеткізеді. Өмір мен тіршілік – осы екі философиялық категория оның ұстамынының негізі.  

Жерұйық философиясына келетін болсақ: Ол жерде аштық пен ешқандай ауру-сырқат жоқ, ешбір жаудың көзіне түспейді, сонымен қатар Жерұйық тұрғындары дұшпандық пен өшпенділіктің не екенін біле бермес. Онда тек теңқұқықты адамдар мен баршаға ортақ материалдық ахуалы жоғары тұлғалар тұрады. Бұл мемлекетте табиғи және экологиялық апаттар орын алмайды, өзендер мен көлдер таза суға толы, ал құнарға толы жерінде жап жасыл қалың шөп өседі. Бір сөзбен айтқанда қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман.

Бірақ бұл ойдың негізі түбінде жатыр: Жерұйыққа апарар тіке жол жоқ. Барлық мұхит-теңіз бен тау-қыраттарды кешіп өтсең де, оны таппассың. Тек адам жүрегін тәрбиелеген гуманистік сезімдер, материалдық тұрғыда артықшылықтардан бастарту, өз-өзіннің ішіндегі жануарлық құштарлықтарды баса білу іздеген жанды Жерұйыққа әкеле алады. Яғни Жерұйық дегеніміз ол картадан көруге болатын, атпен шауып баратын жер емес, ол – адамдар өз беттерімен рухани жаңғырту жолына шығып, әділ қоғамды құруды бастаған жер.

Осы орайда айтқым келетін бір ойым келесі қысқа әңгімеден шығады:

...Қыс. Ресей. 30-шы жылдар. Аштық. -30 градус қатқал. Аулада кедейшіл киінген бала бір орам отынмен жүгіріп жүр, ал аула сыпырушы оның артынан қуып барады. Баланың басына келген ой: Жоқ, бұлай жалғасса болмайды. Мен жақсы отбасынан шыққанмын, оқып және өз-өзімді дамытқым келеді. Өзімнің сүйікті жазушым Эрнест Хемингуэй секілді батыл және күшті болғым келеді...Аула сыпырушыдан қашқанша, Кубаның жағалауында отырып, балық аулағым келеді...

...Куба. Ыстық. Шынымен де, өзін сұлу қыздармен қоршаған батыл әрі күшті Эрнест Хемингуэйжағалауда ром ішіп отыр. Онын ойы: Мынауын өмір ма?! Халыққа ештеңе керек емес. 24 сағат бойы адам шыдамас ыстық – миым қайнап бітетін болды. Одан да, салқын Парижда Андре Моруа досыммен бірге ошақтың алдында таңға дейін мәңгі туралы сөз таластырып, француздық жақсы бір шарапты ішкенім артық еді...

...Париж. Салқын, апта бойы жаңбыр құйды. Андре Моруа өз орнында отыр, конягының үшінші бөтелкесі бітіп барады, төсегінде екі париждық ару жатыр. Оның ойлары: Бұл өмір емес. Таза симуляция. Қазір суық Мәскеуде болғанымда – жақын досым жазушы Андрей Платоновты тауып алар едім де, онымен таза орыстын арағынан бір ұрттап, демде мәңгіге жақын болар едік. Міне, осы – өмір...

...Мәскеу. Қыс. Қатқал. Аштық. Андрей Платонов аулада жас баланың артынан қуып ойлағаны: Сайтан алғыр! Жетіп алсам – ұрып соғам!...

Бұнымен айтқым келгені – қазір көп қазақстандық жастар шет елді әр түрлі әлеуметтік желілер мен фильмдер арқылы көріп, дамығанелге кеткісі келеді. Олардың ойынша Жерұйықсонда болар?.. Бірақ, жоғарыда айтып кеткенімдей – Жерұйық картадан табуға болатын жер емес, ол - сенің өмірін мен елінді жақсыға өзгерткін келетін жер. Арманындағыдай өмір сүргін келе ме, сол арманынды өз орнынды өзгертуден баста да, Жерұйыққа алғаш боп қадам бас...

Өмірінің соңына дейін қазақ халқының тағдырын ойлаған Асан Қайғыны мемлекеттіңболашағы мазалады. Болашақ ұрпақ тәуелсіздікті ұстап қала ала ма?, Мемлекетті нығайтып, атадан қалған жерді сақтап қала алады ма? деген сұрақтар Асан Қайғыны терең ойға батырды деген ештеңе демеумен бірдей.

Барлығын қорытындылай келе, Асан Қайғының өлең жолдарынан сізге бір сұрақ қояйын:

...Ақылына көнбеген

Жұрт қадірін не білсің?..

Данат Жанатаев, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, философия ғылымының кандидаты;

Төлепберген Арсен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіизика-техникалық факультетінің магистранты.

Дереккөздер:

Философские идеи казахских мыслителей разных эпох: Асан Сабит улы (Асан кайгы, XV в.) – первый казахский жырау, (scibook.net)

Всё познается в сравнении: лучший рассказ о том, что там хорошо, где нас нет (fit4brain.com)

Асан Қайғы: өмірбаяны және шығармалары - Қазақстанжаңалықтары | STAN.KZ

Пікірлер