Жедел жәрдемге жол бермегендер 74 мыңдай айыппұл төлейді

210
Adyrna.kz Telegram
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Парламент сенаты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін жаңа түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Құжатқа сәйкес жол қозғалысы ережелерін бұзғандарға қатысты айыппұл мөлшері мен жаза түрлері айтарлықтай күшейеді.

Көлік терезесінен немесе люгінен денесін шығарып, есікті ашқан жолаушылар 10 АЕК (34500 теңге) көлемінде айыппұл төлейді.

Қарсы жолаққа шыққан мүгедек жүргізушілер үшін жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қолданылмайды. Оның орнына 30 АЕК (103500 теңге) айыппұл салынады.

Одан бөлек, егер жол апатынан зардап шеккендер болмаса, жүргізуші 9 айға көлік жүргізу құқығынан айырылады (596-бап).

Жедел жәрдем немесе арнайы қызмет көлігіне басымдық бермегендер 20 АЕК (69000 теңге) айыппұл төлейді. Ереже бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл көлемі 40 АЕК-ке (138000 теңге) өседі немесе 20 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады (598-бап).

Бұл жағдайдағы айыппұл 10 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін көбейеді. Егер жүргізуші жол апатына себепкер болса, 9 айға жүргізуші куәлігінен айырылады (607-бап).

Ережені бір жыл ішінде қайта бұзғандар 20 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады.

Автотұрақ ақысын төлемегендерге салынатын айыппұл мөлшері 3 АЕК-тен 1 АЕК-ке дейін төмендейді. Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 5 АЕК орнына 2 АЕК айыппұл төленеді (597-бап).

Зардап шеккендер болмаған жағдайда жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қолданылмайды. Оның орнына 20 АЕК айыппұл салынады. Егер апат бір жыл ішінде қайталанса немесе адам зардап шексе, 9 айға көлік жүргізу құқығынан айырылады (610-бап).

Бұл түзетулерге енді президент қол қоюы керек. Құжат 2025 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енуі мүмкін.

Пікірлер