Назарбаевтың баспасөз хатшысы Сара Алпысқызының “қайтыс болғанын” жоққа шығарды

270
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Қазақстанның бұрынғы бірінші ханымы Сара Назарбаеваның “қайтыс болғаны” туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Отандық БАҚ журналистерінің Сара Алпысқызына қатысты сауалына жауап бере отырып, желіде тараған оның қайтыс болғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдегім келеді», - деп жазды Айдос Үкібай өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

83 жастағы Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат бір күн бұрын пайда болған еді.

Еске салайық, былтыр Сара Назарбаева ресми күйеуінің фамилиясынан шыққаны туралы ақпарат тараған болатын.

 «Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Назарбаеваның некесі бұзылғаны (және сәйкесінше жаңа отбасын құру туралы) туралы ресми мәлімдемелер ешқашан болған емес. Ал Нұрсұлтан Назарбаев қорының ресми сайттарында және тұңғыш президенттің nazarbayev.kz ресми сайтында Сара Алпысқызы әлі күнге дейін тұңғыш президенттің жұбайы екені туралы ақпарат көрсетілген. Алайда бірнеше жылдан бері жаңалықтардан Сара Назарбаева туралы ешқандай ақпарат шыққан жоқ. Оның көрінбей кеткеніне де біраз болды. Былтырдан бері Білім министрлігі оның «Өзін-өзі тану» пәнін міндетті мектеп бағдарламасынан алып тастап, факультатив ретінде қалдырған болатын. Өзін әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамынан шығарып жіберген. Бизнес-тізілімдерге сәйкес, еліміздің экс-Бірінші ханымының «Сара Алпысқызы Назарбаева» атты жеке кәсіпкерлігі бар. Ал оның басшысы Қонақай Сара Алпысқызы деп көрсетілген», - делінген Shishkin_like Telegram арнасы таратқан хабарламада. 

Қазақстан Халық Банкінің өмірді сақтандыру бойынша еншілес ұйымы «Halyk-Life» АҚ филиалында 2012 жылғы 4 ақпаннан бастап Қаржы министрлігінің қаржылық есептілік депозитарийінде ол Қонақаева болып тіркелген. 

Ал 2005 жылы күйеу баласы Тимур Құлыбаев басқарған «Almex Holding Group» АҚ-ның 2005 жылғы 19 қыркүйектегі еншілес ұйымдарының тізімінде ол Назарбаева болып көрсетілген. «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушының Instagram желісіндегі парақшасы 2018 жылдың 15 сәуірінен бері жаңартылмаған, ол жерде оның фамилиясы Назарбаева деп жазылған. 

Назарбаевтың ресми әйелі ата-тегін 2005 және 2012 жылдар аралығында алмастырды деген де дерек те кездесті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев бейресми екінші әйелі Әсел Құрманбаева деген қауесетті растап, «Менің өмірім» атты өмірбаян кітабында жазған болатын.

“Неке мұсылманның әдет-ғұрпымен қиылып, бұл некеден екі ұл дүниеге келді,"- деп жазады Назарбаев өз естелігінде.

Пікірлер