Аса ірі мөлшерде есірткі сатқан қылмыскер 15 жылдан кейін қолға түсті (видео)

344

Аса ірі мөлшерде есірткі сатқан қылмыскер 15 жылдан кейін Алматыда қолға түсті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың шілде айында Алматы қаласында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірге 2006 жылдан бері аса ірі мөлшерде есірткі сатқан деген күдікпен іздеуде жүрген 42 жастағы ер адамды ұстады. 2004 жылдың 12 шілдесі күні жоғарыда аталған адам алдын ала келісім бойынша “К” есімді азаматқа 30 келіден астам “марихуана” сатқан.

Тінту жүргізу кезінде күдіктінің учаскесінен жалпы салмағы 74 келіден асатын жеті қап және бір полиэтилен “марихуана” пакеті тәркіленген. Ал күдікті адам қылмыс жасалған жерден белгісіз бағытқа қашып кеткен. Полиция қызметкерлері алғашқы іздестіру шараларын жүргізді, содан кейін күдіктіге іздеу жарияланды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 297-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді. Кінәліге қатысты кінәнің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданатын болады.

– Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау бойынша мұқият және тыңғылықты жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде 15 жылдан кейін қылмыскер құрықталып, қылмыстық іс қозғалды, – деді ПД бастығы Жанарбек Бақтыбаев.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар