Ұйғыр ауданында Әлмерек абыздың ескерткіші ашылды (ВИДЕО)

2556
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 10 мамырда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы елді мекенінде аты аңызға айналған батыр, қолбасы, әулие-абыз баба Әлмерек Жаншықұлының ескерткіші бой көтерді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ауданымыздың орталығында барлық тұрғын үшін бірегей саябақ ашылды. Жаңа саябақтың орталығында мәңгілік құндылықтар да өз орнын тапты. Ерекше оқиға күні ашылған Әлмерек батырдың зәулім ескерткіші де қоғамымызды тарихи мұраларға деген құрмет пен сүйіспеншілігін арттыра түсті»,—деп жазды Ұйғыр ауданының әкімдігі.

Айта кетейік, Әлмерек абыздың ескерткішін орнату мәселесі 2020 жылы көтерілген еді. 2021 жылы қариялар мен алқа мүшелері жарысқа қатысушылардың жұмыстарын талқыға ­салып, 8 мүсіншінің 15 жұмысы әділқазы алқасына таныстырылды. Бастаманы жүзеге асыру мақсатында ауылға кіреберіс жерден кешеннің құрылысына 3 гектар жер телімі бөлінген болатын.

Әлмерек абыз — қазақтың Ұлы жүз Үйсін тармағындағы Албан тайпасынан шыққан батыр. Қазақ-жоңғар соғысына басынан аяғына дейін қатысқан батыр. Соғыс ақырына қарай қартая бастағанда әскерге сарбаз жаттықтырумен айналысқан. Шәкірттерінен атақты Райымбек батыр, өз немересі Саурық батыр шыққан.

<

Пікірлер