Алматыда Армения-Әзербайжан келіссөзі өтіп жатыр

2064
Adyrna.kz Telegram
Сурет: СІМ
Сурет: СІМ

Бүгін, 10 мамырда Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері екіжақты келіссөздер жүргізу үшін Алматы қаласындағы Достық үйіне келді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қонақтарды Қазақстан СІМ басшысы Мұрат Нұртілеу қарсы алып, министрлер кездесу рәсіміне қатысу үшін Дөңгелек залға өтті. Осы залда 1991 жылы Алматы декларациясына қол қойылған болатын. Ол ТМД елдерінің тәуелсіз дамуының негіздерін белгілеп, мемлекетаралық шекараларды айқындау қағидаттарын бекітті.

Министр Әзербайжан мен Армения біз үшін жақын бауырлас елдер ғана емес, сонымен қатар стратегиялық серіктес екенін мәлімдеп, тараптарға жемісті жұмыс пен сенімді диалог тіледі.

Әзербайжан мен Арменияның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары өз сөздерінде Қазақстан тарапына келіссөздер алаңын ұсынғаны және іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін алғыстарын білдірді.

Кездесу рәсімінен кейін Әзербайжан мен Армения делегациялары екіжақты форматтағы келіссөздерді бастау үшін көрші залға өтті.

Айта кетейік, кездесудің негізгі күн тәртібі - екі ел арасындағы шекара мәселесі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер