Тәліптер өз басшысының суретін жариялады

3273
Adyrna.kz Telegram

Талибан" қозғалысының өкілдері (Қазақстанда тыйым салынған ұйым - еск.) Ауғанстанда билікті қолына алғаннан кейін алғаш рет жетекшісі Хайбатулла Ахундзаданың суретін жариялады, - деп хабарлайды Sputnik Афганистан Telegram-каналы.

"Бірқатар ақпарат көзі "Талибан" жетекшісін өлді деп есептеді. Бұл - ол туралы ұзақ уақыт ақпарат шықпағаннан бергі алғашқы суреті", - деп жазады Telegram-канал.

"Талибан" көшбасшысының суретін алғаш болып Twitter-де ауған журналисі Муслим Ширзад жариялады. Ол жергілікті саяси шолушы Назар Мохаммад Мотмаэнге сілтеме жасады.

Бірақ желі қолданушылар бұл сурет екі жыл бұрын түсірілгенін айтып жатыр.

29 тамызда БАҚ Ахундзада Ауғанстанға келгенін хабарлаған. Америкалық әскерилер Ауғанстан аумағында болған кезде, молда Пәкістанда жасырынып жүрген. Қазіргі уақытта ол Кандагарда және "Талибанның" басқа басшыларымен кездесулер өткізіп жатқаны айтылады.

Тәліптер Ахундзаданы "Ауғанстан Ислам Әмірлігінің" жоғарғы басшысы деп атайды. Бірақ Ауғанстанның жаңа басшысы тағайындалғаны және билік "Талибанға" ауысқаны туралы әлі ресми деңгейде хабарланған жоқ.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер