Талибан радикалды қозғалысының жасақтары Үндістанда теракт жасады

2805
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың Ауғанстаннан өз әскерін шығарып жатқан сәтте Үндістанның Джамму мен Кашмир қалаларында ірі теракт орын алды. Бұл жайында Үндістанның арнайы қызмет көзі NDTV  телеарнасы ақпараттар таратты.

"Осы айдың ағымында террористтер тарапынан шабуылдар мен бірнеше жарылыстар орын алған, жарылғыш құрылғыларды жер-жерлерге көміп тастаған. Өңірдің саяси тұлғаларына қарсы бірнеше операциялар ұйымдастырылды» -деп хабарлады, NDTV телеарнасы.

NDTV телеарнасының журналистінің айтуынша, Кашмир жазығында террористтердің 6 қарулы топтары жасырынған. Олардың ең маңызды жоспарлары да белгілі болды. Джамму мен Кашмирде соңғы кезде террористтер тарапынан қысым жасау әрекеттері қарқын алған. Ақпарат көздеріне қарағанда, қазір Кашмир жазығында арнайы операцияға дайын отырған 300-дей террорист бар.

Қазір Үндістанның арнайы қызметі террористтердің әрекеттеріне барлау жұмыстарын бастап кетті. Талибан радикалды қозғалысының жасақтары Кабулды басып алғаннан кейін, Үндістанның Кашмир қаласында ауқымды жоспарлары бар екендігі кейбір ақпарат көздерінде айтылған болатын.

Олардың бұл әрекетіне қатысты бейнетаспалары да әлеуметтік желілерге тарап кеткен еді.

 

Бекболат ҚАРЖАН,

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер