Үндістанда қазақ күресінен әлем чемпионаты өтпек

1452
Adyrna.kz Telegram
Фото: Qazaq Kuresi
Фото: Qazaq Kuresi

Үндістанда қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

25 ақпан күні Үндістанның Дели қаласында қазақ күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионаты басталады.

Биылғы чемпионатқа 200-ге жуық спортшы қатысуға өтініш берген. Нақтырақ, Әзербайжан, Аргентина, Бразилия, Эстония, Грузия, Нидерландия, Иран, Италия, Жапония, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Мексика, Польша, Моңғолия, Сербия, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің балуандары бар.

Ұлттық құрама командасы бұл додада ел намысын қорғайды. Бекжан Төлепов, Жұмажан Қожамбеков, Мұзаппаров Ерсұлтан, Нұрдәулет Жарылғапов, Сарипова Зарина, Нұрмахамметова Рауза, Нысантайқызы Роза спортшыларымыз өнер көрсететін болады.

Қазақ күресі - қазақтың ұлттық спортының бірі.

Пікірлер