Лавров: АҚШ сарбаздарын Орталық Азияда көргіміз келмейді

2068
Adyrna.kz Telegram

Ресей АҚШ сарбаздарын Орталық Азияда көргісі келмейді. Бұл туралы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Wall Street Journal Ресей америкалық сарбаздарды Орталық Азияда көргісі келе ме деп сұрады. Жоқ. Біріншіден, бізде ортақ қауіпсіздік кеңістігі бар және бұл кеңістікте өз міндеттеріміз бар. Мен ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымын меңзеп отырмын. Ол барлық одақтастардың өз аумағында шетелдік қарулы күштердің қозғалысына қатысты мәселелер бойынша келісімін қамтамасыз етеді»,— деді Лавров баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, америкалықтар қажет болған жағдайда Ауғанстан аумағына соққы бере алуы үшін бұл елден шығып, инфрақұрылымы мен қару -жарақтарының бір бөлігін, сондай-ақ әскери қызметкерлерін көрші мемлекеттердің аумағына орналастыруды көздеген.

«Америкалықтардың өз бастамаларын қанағаттандыруы үшін қандай да бір ел осындай нысанаға айналуға мүдделі екеніне күмәнмен қараймын»,- деп сөзін толықтырды министр.

Айта кетейік, бұған дейін "Талибан" қозғалысының содырлары АҚШ азаматтары Ауғанстаннан 31 тамызға дейін кетуі керек деп мәлімдеген еді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер