Тәліптерге тамақ дайындаудан бас тартқан әйелді сабап өлтірген

2945
Adyrna.kz Telegram

"Талибан" қозғалысының өкілдері (Қазақстан аумағында тыйым салынған) Ауғанстанның солтүстігіндегі Фарьяб провинциясында 15 содырды тамақтандырудан бас тартқаны үшін бір әйелді сабап өлтірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға 12 шілдеде болған. Бірақ бұл туралы қазір ғана белгілі болды. Әйелдің қызы болған жағдайды журналистерге айтып берген. Телеарна қызды Манижа, ал анасын Наджия деп атап көрсеткен. Бірақ бұл есімдер қауіпсіздік мақсатында ойдан шығарылған.

Содырлар Наджияға тамақ жасауды талап етіп үш рет келген. Әйел кедей және оларды тамақтандыруға қаражаты болмағандықтан бас тартқан.

Төртінші күні содырлар оны тағы бас тартқаны үшін ұрып-соққан.

"Анам кедей екенімізді айтып, тамақ жасай алмаймыз дегенде тәліпер оны ұра бастады. Анам есінен танып қалды, олар оны қарудың сабымен ұрды", - деді Манижа.

Манижа тәліптерге анасын ұруды тоқтатуын сұрағанда, олар көрші бөлмеге граната лақтырып, қашып кеткен. Төрт баланың анасы соққыдан оқиға орнында қаза болған.

Телеарна "Талибан" қозғалысы әйелдер құқығын шектей бастағанын айтады. Оларға ер адамсыз медицина мекемелеріне баруға тыйым салынған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Пікірлер