Тәлібтер: Ауғанстандағы өзгеріс жайлы бір үзік

1052

Талибанның жылдам түрде Ауғанстанның билігін басып алуы әлемді таңғалдырды.

Тәлібтер деген кім?
«Талибан» (боксқын, студент) 1980 жылдардың басында Пәкістанның солтүстік-батыс шекаралық провинциясы мен Белуджистан аумағында Пәкістан Ислам Республикасы билігінің нұсқауы бойынша жасырын жағдайдағы медреседе және соған сәйкес идеологиялық әрі діни білім алған Ауған қашқындарының балаларынан құрылды. Ресми түрде 1994 жылы Мохаммед Омардың басшылығымен 50 студентпен "Талибан" құрылды.

«Талибан» ұйымының этникалық негізін ұлтшыл пуштун қауымының өкілдері құрайды.
Ауған еліндегі ұлттар құрамы негізінен төмендегідей:
Пуштун - 42 %
Тәжік - 27 %
Хазар - 9 %
Өзбек - 9 %
Т.б ұлттар

АЛҒАШҚЫ "АУҒАНСТАН ИСЛАМ ЭМИРАТЫ" НЕСІМЕН ЕСТЕ ҚАЛДЫ?

1996 жылы тәлібтер Ауғанстанның 90 % жеріне бақылау жасап, 2001 жылға дейін билік құрды. Олар мемлекеттік билікті жүзеге асыру барысында "шариатқа" жүгінген.
- Ресми түрде Пәкістан, Түркіменстан, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі ғана мойындаған.
- "Талибан" халықаралық құқыққа түкіріп, Ауғанстанның президенті Мохаммад Наджибулланы дарға асты. Аталмыш оқиға әлем елдері тарапынан Ауғанстан Ислам Эмиратын мойындамауға әкеліп соқты.
- "Талибан" ресми түрде шошқа еті мен алкогольды ішімдіктерге тыйым салды. Одан бөлек, музыка, теледидар, өнер саласы, көңіл көтеретін ойын-сауық, спортпен айналысу, көгершін және үй жануарларын асырауға қатаң шектеу қойылып, кинотеатрлар мешітке айналды.
- Жаңа жылды тойлауға тыйым салынды.
- Қыз балаларға мектепке баруға, жұмыс істеуге рұқсат берілмеді. Сыртта жалғыз жүрсе, жазаланды.
- Ер адамдарға қырынуға тыйым салынды.
- 15 жастан бастап, әскери міндеттілік енгізіліп, белсенді 400 000 әскері болды.
- Талибандардың билігі кезінде есірткі саудасы 2200 тоннадан 185 тоннаға азайған.
- 1998 жылы талибтер Иранның 11 елшісін өлтірді. Иран жауап ретінде шекараға 70 000 мың әскерін жақындатып, соғыспақшы болды. Тек БҰҰ мен АҚШ дипломаттарының арқасында соғыс қаупі сейілді.
- 2001 жылы Бамиандағы 1500 жылдық тарихи мұра Будда ескерткішінің көзін жойды. Ол жайында талибтердің көшбасшысы Омар: "Будда ескерткішін құртқым келмеп еді. Алайда бірнеше шетелдік азаматтар жаңбырдың әсерінен сәл зардап шеккен Будда ескерткішіне жөндеу жұмысын жүргізуге өткізуге өтініш жасады. Олардың бұл әрекеті мені таңғалдырды. Егер шетелдіктер үшін Ауғанстандағы аштан өлгелі отырған халықтың жағдайынан қарағанда, ескерткіштің халі маңызды болса, онда Будда ескерткішінің барынан жоғы жақсы".

"Талибанның" аталмыш әрекеті Жапония, Үндістан, Шри-Ланка, Оңтүстік Корея, Непал, Иран, Катар, Ресей, Сауд Арабиясы тарапынан халықаралық наразылық тудырды.
- Елдегі шетелдік компанияға 50%-дық салық салынып, төлемегендерге шабуыл жасалды. Салдарынан 2001 жылы жан басына шаққандағы табыс 200 долларды құрап, экономикасы әлсіреді.
- 2000 жылдың желтоқсан айында талибтер Усама Бен Ладенге қолдау көрсетіп және жендеттерін дайындауға көмектескені үшін, БҰҰ санкция жариялады.
- 2001 жыл АҚШ-тағы қайғылы оқиғадан кейін, АҚШ пен "Солтүстік Альянс" Ауғанстанға басып кіріп, тәлібтердің режимін құлатты.

Талибы захватили власть в Афганистане. Что дальше? - Парламентская газета

ҚАЙТА БИЛІККЕ КЕЛГЕН ТӘЛІБТЕР

Бейресми деректер бойынша 100 мыңға жуық әскері бар тәлібтердің Ауғанстанның ресми әскерімен соғысу барысында қаржыны қайдан алды деген сұрақ көпшілкті қызықтыратыны анық. БҰҰ 2021 жылдың маусым айындағы есебіне сенсек, тәлібтер есірткі сату, адам ұрлау, пайдалы қазбаларды сату сынды әрекеттерімен іс-әрекеттерін жүзеге асыруда.

Бұл тәлібтердің бұрнығы тәлібтерден айырмашылығы да бар дейді. Оның бір себебі, тәлібтердің сапында әскерлердің барлығы дерлік пуштундардан құралған азаматтар емес, шетелдік жендеттердің болуында. Сонымен қатар тәлібтер Ауғанстанның президенті Ашраф Ганимен келіссөз жүргізіп, елден тірі күйінде кетуге мүмкіндік берді.

Енді ресми билікке келген тәлібтер ел ішіндегі дүрлікпені басу үшін, әйелдер паранджа киіп, жұмыстарын жалғастыра береді т.б уәделермен халықты тыныштандыра алмай әлек.
Қазақстан мен Ауғанстанды өзара не байланыстырады?

- Қос елдің шекарасы түйіспесе де, ара қашықтығы небары 1 500 шақырымды құрайды.

- 1979-1989 жылдар аралығында өткен Ауған соғысына елімізден 21 239 азамат қатысып, 947-сі қаза тапқан.

- Қазақстан Ауғанстанның тұрақтылығын қалпына келтіру үшін, 2009 жылы 1000 ауған студентіне елімізде оқуға арнайы грант бөлген.

- 2014 жылы Ауғанстандағы табиғи апаттың салдарын жою үшін, 6 млн доллар көлемінде қаржылай көмек көрсетті.

- Қос елдің арасындағы сауда айналымы 2020 жылы 623,6 млн долларды құраған. Қазақстанның бидай экспорттауында ТОП-3 мемлекеттің ішіне Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан кіреді.

- 2019 жылы Еуропалық Одақ (ЕО) пен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) ауған әйелдеріне арналған білім гранттары аясында Қазақстанда қосымша кәсіби білім алуға стипендия берген. Бағдарлама ауған әйелдерінің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған, ол әйелдердің кейіннен жұмысқа орналасуы әрі елдің әлеуметтік және экономикалық өміріне белсенді қатысуы үшін кәсіби дағдылары мен білімін арттыруға жәрдемдеседі.

- Қазіргі таңда Қазақстан аумағында тыйым салынған террористік құрылымдардың ұлттық тізіміне Ауғанстанның билігіне жаңадан келген "талибтер" енгізілген:
І. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде:
1. «Аль-Каида»
2. «Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс»
3. «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс»
4. «Күрд Халық Конгресі» («Конгра-Гел»)
ІІ. Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес:
5. «Асбат аль-Ансар»
6. «Братья-мусульмане»
7. «Талибан» қозғалысы
8. «Боз гурд»
9. «Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтер»
10. «Лашкар-е-Тайба»
11. «Әлеуметтік реформалар Қоғамы»
ІІІ. Нұр-Сұлтан қаласы сотының 2005 жылы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес:
12. «Хизб-ут - Тахрир» ұйымы
ІV. Нұр-Сұлтан қаласы сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешіміне сәйкес:
13. «АУМ Синрикё»
14. «Шығыс Түркістан азат ету ұйымы»
V. Нұр-Сұлтан қаласы сотының 2008 жылғы 5 наурыздағы шешіміне сәйкес:
15. «Түркістан ислам партиясы».
VІ. Атырау қаласы сотының 2011 жылғы 25 қазандағы шешіміне сәйкес:
16. «Джунд-аль-Халифат»
VII. Шығыс Қазақстан облысы арнайы ауданаралық экономикалық сотының 2012 жылғы 7 маусымдағы шешіміне сәйкес:
17. РҚБ «Сенім. Білім. Өмір»
VIII. Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2013 жылғы 26 ақпандағы шешіміне сәйкес:
18. «Таблиги джамагат»
IX. Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2014 жылғы 18 тамыздағы шешіміне сәйкес:
19. «Ат-такфир уаль-хиджра»
X. Нұр-Сұлтан қаласы есіл ауданы сотының 2015 жылдың 15 қазан айында қабылданған шешіміне сәйкес:
20. «Ислам мемлекеті» (ДАИШ)
21. «Ан-Нусра фронты»
22. «Йакын Инкар»

Түйін: Ауғанстандағы билік өзгерісі бұған дейінгі Қазақстанның жасап келген әрекетін жоққа шығарды. Сауда саласында да біршама байланысын арттырған еліміз үшін, жаңа билік ауыл шаруашылығындағы алыс-берісті ақсатары сөзсіз.

Қанат Байұзақов

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер
Редакция таңдауы