100 мың шабақтан – 100 тонна бекіре

107

Шілденің екінші жексенбісі – Балықшы күні, осыған орай, біз Атырау қаласындағы тауарлы бекіре фермасының тыныс-тіршілігімен таныстық.

Ахат Ниматов осында бас балықшы болып еңбек етеді. Оның айтуынша, 2014 жылдан бері «CASPIAN ROYAL FISH» фермасы бекіре тұқымдас балықтарды өсірумен және одан уылдырық алып, өнім шығарумен айналысып келеді.

Үздік голландиялық мамандардың қатысуымен салынған еуропалық стандартқа сай фермада 25 маман жұмыс жасайды. Мұнда 100 мың шабақ 1 келі тауарлық салмаққа дейін жеткізіледі. 100 тонна тауарлы бекіре мен 1 тонна азықтық уылдырық өндіріледі.

Жайық өзенінен алынатын су механикалық, ультракүлгін және биологиялық тазартудан өтеді. Ақылды техника судағы оттегі құрамы мен оның мөлшерін, су температурасын анықтап отырады.

Балыққа берілетін жем «Аллер аква» дат компаниясынан тапсырыспен алынады екен.

Пікірлер
Редакция таңдауы