Ыстамбұлда жүрген өзбектердің бірлігіне риза болып жүрмін. Кофте, кебап, гозлеме деген түріктің тамақтарынан басқа бірдеңе қалаған кезде Қазақстанды еске түсіру үшін өзбектердің кафе-ресторандарына барамыз. Фатих деген туристер көп жүретін районның өзінде 3 кафе-ресторанына бардық (негізі саны одан да көп шығар).
Іші толған өзбек ағайындар. Сосын түрікше сөйлемейді, бәрі өзбекшесін ұмытпаған. Әрине, өзбектер қызмет көрсету, карго, сауда-сатық саласында қазақтардан көбірек. Соның өзінде біздің қазақтар да аз емес. Қыдырып жүргені бар, бизнесмені мен студенті, сауда-сатық пен бір-екі күнге соғып кететіні бар мыңдаған қазақ шығады.
Қазақ әлемдік деңгейде өзінің асханасын жасай алмады. Ет пен қуырдақ деген тамақтарды үйде жегенмен, кафе-ресторанда тез дайындалмайтын, қымбат тамақтар. Қысқасы, Ыстамбұлда қазақтың ұлттық тағамдары мен кафе-рестораны жоқ. Біздің ақша сыртқа кетіп жатыр. Өзбектер пысық, қайда жүрсе де, сол жерге сіңіп кетпей, ұлттық идентификациясын сақтап қалған.
Нұрлан ЖАНАЙДЫҢ
фейсбук парақшасынан