Тайфун: Токиода еріктілердің қызметін тоқтататын болды

3084
Adyrna.kz Telegram

Әйелдер футболынан олимпиадалық жарыстар өтіп жатқан Жапонияның Мияги префектурасының билігі аймаққа "Непартак" тайфунының жақындауына байланысты еріктілердің қызметін уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "ТАСС-қа" сілтеме жасап.

Киодо агенттігінің хабарлауынша, префектурада өтетін олимпиадалық жарыстарға шамамен 280 ерікті қатысады.

Тынық мұхитында қалыптасқан және қазіргі уақытта Жапонияның негізгі территориясына қарай жылжып келе жатқан "Непартак" тайфуны сәрсенбі күні таңертең Хонсю аралының солтүстік-шығыс бөлігіне, атап айтқанда, Фукусима, Мияги және Иватэ префектураларына соғады. Тайфунның әсеріне байланысты бұл жерлерде қатты нөсерлі жаңбыр жауып, жел тұрады.

Қазір «Непартак» тайфуны Токионың Тиба префектурасынан оңтүстік-шығысқа қарай 230 км жерде орналасқан және ол Фукусима, Мияги және Иватэ префектураларына қарай жылжып барады.  Қазіргі таңда жергілікті тұрғындарға өзендердің тасуы мен көшкін қаупі туралы ескертіліп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер