Тәжік-ауған шекарасында кескілескен шайқас болуда

2933
Adyrna.kz Telegram

Ауған ұлттық армиясының 17 әскери қызметшісі "Талибан" қозғалысының содырларының шабуылына төтеп бере алмай, жексенбіде Тәжікстанмен шекараны кесіп өтті. Бұл туралы елдің Ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі хабарлады.

Арнайы қызметтің мәліметінше, жексенбі күні радикалды ұйым Ауғанстанның Балх провинциясындағы Калдор округінің Чукчук қаласында орналасқан шекара бекетіне шабуыл жасаған.

"Ауғанстан Ислам Республикасы үкіметтік әскерлерінің 17 әскери қызметшісі «Шахритус» шекара жасағының 1-ші бекеті арқылы Тәжікстан Республикасының аумағына шегінуге мәжбүр болды. Тәжік шекарашылары гуманизм мен тату көршілік принциптерін басшылыққа ала отырып, мемлекеттік шекарадан өткен ауған әскери күштеріне өз аумағына кедергісіз кіруге рұқсат берді", - делінген хабарламада.

Тәжікстан билігі соңғы екі аптаның ішінде Ауғанстандағы жағдайдың нашарлауына алаңдаушылық білдіріп, Өзбекстан мен Қазақстан биліктерімен консультациялар өткізді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер