Қадыровтың қылығына Кремль жауап берді

2552
Adyrna.kz Telegram

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров 7 мамырда Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Әңгімелесу барысында шешен басшысының отставкаға кетуі туралы қауесеттер сөз болған.

«Владимир Владимирович интернеттегі соңғы әңгімелерге пікір білдіре отырып, Марк Твеннің «Менің өлімім туралы әңгімелер асыра сілтеліп айтылған» деген сөзін мысал етіп келтірді. Сондай-ақ президент бізді көп жұмыс күтіп тұрғанын атап өтті», — деп жазды Қадыров желідегі парақшасында.

Осылайша Қадыров Жоғарғы Бас қолбасшының бұйрығын орындайтынын мәлім етті.

Бұған дейін желіде Шешенстан басшысы қызметінен кетуі мүмкін деген ақпарат тараған еді.  Алайда Қадыров журналистерге берген сұқбатында соңғы шешімді тек Ресей президенті Владимир Путин қабылдайтынын жеткізді.

Пікірлер