Бүгін, 8 мамырда Ватикандағы Сикст капелласының мұржасынан ақшыл түтін будақтап шыға бастады. Бұл Рим-католик шіркеуінің 133 кардиналы құпия конклав барысында жаңа Рим папасын сайлағанын білдіреді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Биылғы конклавта рекордтық көрсеткіш тіркеліп, 70 елден 133 кардинал қатысты.
Жаңа Рим Папасы болып кардинал Роберт Прево сайланды. Ол XIV Лео есімін алды.
Еске салсақ, 21 сәуірде Рим Папасы Франциск 88 жасында өмірден өткен еді.
<View this post on Instagram