Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балл көтерілді

1411

Білім және ғылым министрлігі педагогтердің сапалық құрамын арттыру бойынша шаралар қабылдады. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балл 50-ден 75 балға дейін көтерілді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылдан бастап педагогика мамандығының түлектері педагог-модератор біліктілігін ала алады. Ол үшін Ұлттық біліктілік тестілеуден өтіп, өз дағдыларын көрсету керек. Сонымен қатар біліктілік санаттарын растайтын педагогтер жалақының 30%-дан 50%-ға дейінгі мөлшерінде қосымша ақы алатын болады.

2021 жылдан бастап дипломға қосымша педагогикалық мамандық түлектерінің міндетті түрде біліктілік алуы енгізіледі. Олар кәсіби шеберлік бойынша сертификаттаудан өтуі керек. Сондай-ақ алғаш рет мектепке дейінгі білім беру педагогтерін аттестаттау енгізілді, білім беру ұйымдарының директорлары мен балабақша меңгерушілерін тағайындау тәртібі өзгерді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы