Астанадағы «Шапағат» базары өртенді

995
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

Астанадағы Сарыарқа ауданында орналасқан «Шапағат» базарында өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Өрт туралы бейнежазбалар алдымен әлеуметтік желіде тарады. Аталған факті бойынша төтенше жағдайлар министрлігі ресми мәлімдеме жасады. Ведомствоның хабарлауынша, елордалық өрт сөндірушілер дүңгіршектердің бірінде тұтанған отты сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Өрт болған жерде күштер мен құралдар жоғары дайындықпен жұмылдырылып, жалынды ауыздықтау жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен толық мән-жайы анықталуда», – деп мәлімдеді ТЖМ.

Құтқарушылар базар маңындағы адамдарды эвакуациялап жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, «112» қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түспеген.

Айта кетейік, бұған дейін де Астанада бірнеше өрт оқиғасы тіркелген. Жақында ғана пластик қалдықтары сақталған қоймада өрт шықса, одан бөлек екі жүк көлігі соқтығысып, соның салдарынан өртеніп кеткені хабарланған еді.

Пікірлер