Әзербайжан президенті Әлиевтің Мәскеудегі парадқа қатыспайтыны айтылды

2201
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/12/foto-dzen-ruuu-960x500.jpeg?token=33f8d839f255d20f34aa113228d83433
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Мәскеуде өтетін Жеңістің 80 жылдығына арналған шараларға қатыспайды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы RIA-ға сілтеп. БАҚ-та ақпаратты Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдегені хабарланған. Оның айтуынша, Әзербайжан тарапы Әлиевтің 10 мамырда өз әкесі — Әзербайжанның бұрынғы президенті Гейдар Әлиевті еске алуға арналған іс-шараларға қатысатынын айтып, сапардан бас тартқан. Сонымен қатар, Мәскеуге барудан Лаос басшысы Тхонглун Сисулит та бас тартты. Ол коронавирус жұқтырып алғандықтан, мерекелік жиынға келе алмайды. Осылайша, Жеңіс күніне байланысты Мәскеуге келетін мемлекет басшыларының саны 29-дан 27-ге қысқарды. Айта кетейік, Ильхам Әлиев Ресейге соңғы рет 2024 жылдың қазан айында ресми сапармен барып, Владимир Путинмен кездесу өткізген. Сол жолғы кездесудің басты тақырыбы — армян-әзербайжан жанжалын реттеу мәселесі болған.
Комментарии