Бүгін мемлекеттік рәміздер күні

509

Бүгін, 4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні.

1992 жылдың 4 маусымында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңдарға қол қойған болатын. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды.

1992 жылы мемлекеттік рәміздерді дайындау үшін арнайы шығармашылық комиссия құрылды. Құрамына белгілі заңгерлер мен қоғам қайраткерлері кірді. Ал содан соң елтаңба, ту, әнұран жобасын жасауға конкурс жарияланған еді.

Аталмыш конкурсқа 600-ден астам адам қатысты. Мемлекеттік ту эскизі бойынша 1200 өтінімнің ішінен суретші Шәкен Ниязбеков салған мемлекеттік ту бекітілді.

Елтаңба жобасы бойынша сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың еңбегі үздік деп танылды. Ал 2018 жылы елтаңбада «Қазақстан» жазуы латын графикасымен QAZAQSTAN өзгертілді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы