Қауіпсіздік үшін. 9 мамыр қарсаңында Мәскеуде мобильді интернет шектеледі

882
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/10a75bb3-8893-4b64-a72c-5d38f378be34-960x500.jpeg?token=b1e6f343b46071678af52573f2d69ce0
9 мамыр қарсаңында Мәскеуде мобильді интернетпен мәселелер туындап, шетелдік көшбасшылардың Владимир Путинмен бірге Қызыл алаңдағы Жеңіс парадына қатысу сапарлары алдында әуежайларда рейстер тоқтатылады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы BBC-ге сілтеме жасап. Мәскеуде Жеңіс күніне орай ұйымдастырылатын іс-шаралар кезінде мобильді интернет шектелді. Бұл «қауіпті көршілестікке» байланысты, оған түсіністікпен қарау керек, — деді 7 мамыр күні Кремль өкілі Дмитрий Песков, Украинаға ишара жасап. 7 мамыр таңертең Мәскеуде Жеңіс парадының соңғы дайындық репетициясы өтті. Ресейлік ұялы байланыс операторлары мен мессенджерлердің жұмысына байланысты ақаулар 5 мамыр, дүйсенбі күнінен басталды. Шағымдардың басым бөлігі Мәскеуден түскен. Дәл сол күні парадтың әуе бөлігіне дайындық жүргізілген. 5 мамырда төтенше жағдайларды ескерту және жою бойынша Біртұтас мемлекеттік жүйе өкілі Мәскеудегі ұялы байланыс бойынша туындаған мәселелер мерекелік шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін екенін мәлімдеді. Билік өкілдері бұл ақаулар 9 мамырға дейін жалғасуы мүмкін екенін ескертті.  
Комментарии