АҚШ-та 63 жыл бұрын жоғалып кеткен әйел тірі табылды

867
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

АҚШ-та 63 жыл бұрын жоғалып кеткен әйел тірі табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы BBC-ге сілтеме жасап. 

1962 жылдың 7 шілдесінде 20 жастағы Одри Бакеберг Ридсбург қаласындағы үйінен із-түзсіз жоғалып кеткен. Жоғалғанына 63 жыл өткен соң, оның қазіргі уақытта басқа штатта өмір сүріп жатқаны белгілі болды. Висконсин штатының полициясы хабарлағандай, Одри өз еркімен үйінен кетіп, ешқандай қылмыс немесе заңға қайшы әрекеттердің құрбаны болмаған.

Осы жылдар бойы оның жоғалуы туралы түрлі нұсқалар қарастырылып, тергеу нәтижесіз болған. Іс тоқтап қалған соң,  шериф кеңсесі ескі істерді қайта қарап шығып, Одридің әпкесінің генеалогиялық сайттағы аккаунтын тапқан. Бұл істің қайта жаңғыруына себеп болған.

Шерифтің айтуынша, олар осы жаңалықтан кейін Одри Бакебергпен байланыс орнатып, 45 минут бойы телефон арқылы сөйлескен. Одри өз шешіміне сенімді екенін және өткен өмірін артта қалдырып, жаңа өмір бастағанын, толықтай бақытты екенін айтқан.

Одри 15 жасында тұрмысқа шығып, екі бала дүниеге әкелген. Алайда оның күйеуімен қатынасы қиын болған. Жоғалып кетер алдында Одри күйеуіне қарсы сотқа арыз жазып, оның оған бірнеше рет қол жұмсағанын және өлтірумен қорқытқанын мәлімдеген. Жоғалып кеткен күні ол жүн өндіретін фабрикаға жұмысқа кеткен.

Одри балаларының күтушісімен бірге Мэдисон қаласына жетіп, одан әрі Индианаполиске барған.

Бұл істе тергеушілер әр түрлі нұсқаларды тексеріп, бірақ дәл нәтиже болмаған.

Осылайша, 63 жыл бойы іздеуде болған Одри Бакебергаман-есен табылып, жаңа өмірін бастау үшін Висконсиннен кету туралы шешім қабылдағанын мойындады.

Пікірлер