Байден АҚШ барлау қызметіне коронавирустың қайдан шыққанын тез анықтауға бұйрық берді

1519

АҚШ президенті Джо Байден Ковид-19 пандемиясының пайда болу себебін мұқият барлау туралы бұйрық берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы qamshy.kz сайтына сілтеме жасап.

Байден осы жылдың басында барлау қауымдастығына «Ковид-19-дың шығу тегі туралы, соның ішінде вирустың жануарлардан адамға жұққаны немесе зертханалық апаттан туындағаны туралы ең заманауи талдаумен есеп дайындау» туралы тапсырма бергенін айтты.

«Бүгінгі күні АҚШ барлау қауымдастығы мүмкін екі сценарийге тұрақтады, бірақ бұл мәселе бойынша нақты бір қорытындыға қол жеткізе алмады», - деді Байден.

Сонымен қатар АҚШ президенті ақпарат жинау бойынша іс-әрекеттерді күшейтуді тапсырған.

«Мен қазір барлау қоғамдастығынан бізді түпкілікті тұжырымға жақындата алатын ақпаратты жинау және талдау бойынша іс-әрекеттерді күшейтуді және 90 күн ішінде маған есеп беруін сұрадым», - деді ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы