Павлодарлық жұмыртқа лақтырылған Абай ескерткішін жуып шықты

7419
Adyrna.kz Telegram

Абай Құнанбаевтың ескерткішіне жұмыртқа лақтырған Павлодар қаласының тұрғыны тағы да бұзақылық жасағаны үшін кешірім сұрап, тұғырды жұмыртқалар мен қағаздардан тазалап қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Инстаграмға жарияланған видеода қолында шелек пен шүберек ұстаған жігіттің тұғырды қалай жуып жатқаны көрсетілген.

«Кеше мен қателік жасап, Абай Құнанбаевтың ескерткішіне жұмыртқа лақтырдым. Айыбымды өтеу үшін мен өз еркіммен ескерткішті жуу туралы шешім қабылдадым. Мен Павлодар қаласы мен Павлодар облысының барлық тұрғындарынан кешірім сұраймын. Мұндай қателіктер жасамаңыздар»,  деді жас жігіт.

Еске салайық, кеше 21 жастағы Павлодар тұрғыны облыс әкімдігінің жанына орнатылған Абай ескерткішіне жұмыртқа мен дәретхана қағазын лақтырған. Павлодар қаласының тұрғыны өз әрекетін досымен жанжалдан кейін ашуланған күйде жасағанымен түсіндірді. Жігіттің айтуынша, сол сәтте ол мас болған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Мой Павлодар (@mypavlodar)

Полиция ұсталған адамға қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік материал құрастырып, сотқа жіберді.

Сонымен қатар, жас жігітке қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін ҚР ОАО-ның 440-бабы бойынша бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер