Павлодарлық Абай ескерткішіне жұмыртқа мен әжетхана қағазын лақтырған

3582
Adyrna.kz Telegram

Павлодарда сүйіктісімен ұрысып қалған тұрғын әкімдік ғимараты жанындағы Абай ескерткішінен өшін алған. Ер адам ескерткішке жұмыртқа мен дәретхана қағазын лақтырды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиғадан кейінгі көріністі куәгерлер видеоға түсіріп алған. Кадрлардан Абай Құнанбаевтың ескерткішінде ластанған іздер қалғаны, ал маңайында дәретхана қағазы мен жұмыртқа қабығы шашылып жатқанын көруге болады.

Instagram әлеуметтік желісінде видео пайда болғаннан кейін полиция қызметкерлері кінәлі ер адамды ұстаған. Ол 21 жастағы павлодарлық болып шықты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo)

«Ер адам өз әрекетін сүйіктісімен ұрысып қалғаннан кейін мас күйінде жасағанын түсіндірді. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша жауапқа тартылған. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді», - деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Бап санкциясы он тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алуды көздейді.

Сонымен қатар тәртіпбұзушы ҚР ӘҚБтК-ның 440-бабы бойынша қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған бес айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынған. Сондай-ақ павлодарлық өз әрекеті үшін өкінентінін айтып кешірім сұрады.

"Адырна" ұлттық порталы

(видеодан алынған кадр)

Пікірлер