Екі баласымен бірге болған. Әйел басқарған көлік Ертіске батып кетті

2147
Adyrna.kz Telegram

Әйел басқарған жеңіл көлік Ертіске батып кетті. Көліктің ішінде әйел екі баласымен бірге болған. Оқиға орнында барлығы мерт болды. Бұл туралы Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

25 тамыз күні сағат 22:53-те Павлодарское ауылында Ертіс өзенінен құтқарушылар 1980 жылы туған ананың, сондай-ақ оның 6 және 9 жастағы екі баласының денесін алып шықты. Олар отырған жеңіл көлік 21:40-та өзенге түсіп кеткен, делінген хабарламада.

Оқиға орнында 5 адам және 2 техника жұмыс істеді.

 

Пікірлер