Павлодар қаласының полициясы 20 жастағы қызды кірпішпен ұрған ер адамды іздеуге кірісті. Бұл туралы Polisia.kz. жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Оқиға бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Қала тұрғыны кіреберісте есікті ашайын деп тұрғанда артынан ер адам жүгіріп келіп, кірпішпен бірнеше рет басынан ұрған. Ер адамның бет-әлпеті анық көрініп тұр. Қыз оны итеріп жіберген. Қылмыскер қашып кетті.
Ресми мәліметке сәйкес, 21 тамызда түнгі сағат 01.10 шамасында Павлодар қаласының тұрғыны танысына қонаққа таксимен келген.
Қазіргі кезде бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Бұзақының жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары басталды. Полиция видеодағы ер адамды танығандарды 102-ге хабарласуды сұрайды.
”Адырна” ұлттық порталы