Илон Масктің Starship ғарыш кемесі алғаш рет жарылмай жерге қонды

3013
Adyrna.kz Telegram

Илон Маск Starship ғарыш кемесі алғаш рет жарылмай ұшып-қонғанын Twitter желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Starship кемесінің прототипі, SN15 кемесінің ұшырылуы сәтті өткен. Ол әуелі 10 шақырым биікке көтеріліп, одан кейін Техастағы ғарыш айлағына қонды.

Starship-тің бұған дейінгі төрт сынағы түрлі себептерге байланысты сәтсіз өткен болатын. Ғарыш кемесі қонар кезде немесе әуеде жарылған. Оның прототипінің бірі сәтті қонды, алайда көп ұзамай өрт шығып, жанып кетті.

SN15 ұшырылымы ешқандай қиындықсыз өтті. Кеме метанмен жұмыс істейтін Raptor қозғалтқышының көмегімен берілген әуеге көтерілді. Одан кейін қозғалтқыштары өшіріліп, аппарат көлденең қалыпқа өтіп, төмендей бастаған. SpaceX жоспарына сәйкес, болашақта ғарыш кемелері ғарыштан Жерге дәл осылай оралады.

Бұл жаңалықтың адамзат тарихы үшін маңызы өте зор. Бұған дейін ғарыш кемелері аспанға ұшқаннан кейін қона алмай әуеде жарылып кетіп, ғарышкерлер парашютпен жерге қонатын еді. Әрбір ғарышқа ұшырылған кеме бір рет қолдануға ғана жарайтын, келесі жолы жаңасын шығарып ұшыру керек болатын. Осылайша әрбір ғарышқа ұшу адам баласын көп көлемді шығынға батырып келді. Енді жердегі көліктер немесе ұшақтар тәрізді ғарыш кемелері Айға немесе Марсқа емін-еркін көп мәрте қатынап отыруға мүмкіндік алды. Бұл адамзаттың жаңа тарихи белесі, жетістігі десе де болады!

SpaceX астронавттарды Айға жеткізетін кемелерді шығару құқығына ие болған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер