Ресейдегі жойқын террорлық актта қаза болғандар саны артты

3530
Adyrna.kz Telegram

Қазан қаласындағы атыста 11 адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Бұған дейін 6, содан соң 9 адамның ажал құшқанын хабарлаған болатынбыз. Екі оқушы үшінші қабаттан секіріп, көз жұмған.

Татарстан Президенті Рустам Минниханов 7 адамның қайтыс болғаны туралы мәлімдеді. Оның төртеуі – ұл, үшеуі – қыз, барлығы да 8 сынып оқушылары. Оның сөзінше, 12 бала және 4 ересек адам ауруханаға жатқызылды.

Еске салайық, Джаудата Файзи, 8 көшесінде орналасқан №175 мектепте белгісіз адамдар оқ жаудырды.

Мәліметтер бойынша, шабуыл жасаған жасөспірімдер болып шықты. Олардың бірі қолға түсті.

Дәл қазіргі уақытта эвакуацияланған балалармен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Оқиға орнына 21 жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Сонымен қатар Минниханов, республиканың денсаулық сақтау министрі Марат Садыков және облыс прокуроры Илдус Нафиков та барды.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер