Қазақстан қандай қару түрлерін шығарады?

5435
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Отан қорғаушылар күні. Мемлекеттің тұтастығы мен тыныштығын күзету, ел шекарасын қорғау қашанда басты міндет. Қазақстан қарулы күштерін модернизациялау және модификациялау бойынша жұмыстарды атқарып келеді. Бұл тұрғыдан отандық қару түрлерін шығаруды да қолға алудамыз. Сонымен Қазақстанда қандай қару түрлері өндіріледі?

Арлан - бронды әскери көлігі. Көлік ОАР-мен бірлесе отырып, "Paramount Group" компаниясы негізінде жасалуда. Көлікті түрлі мақсатта қолдануға болады. Әскерилерді тасымалдау, барлау жүргізу, бақылау жасау, ұрыс жағдайында қолдану. "Арлан" минаға қарсы брондық жабындымен қорғалған, сондықтан да сенімді. Сағатына 120 шақырыммен жүйткитін бұл көліктің үстіне пулемет орналастыруға болады. Арнайы операциялар жүргізуге ыңғайлы.

Найза  - "Israel Military Industries" компаниясымен бірлесе отырып шығарылған зымыран кешені. 2007 жылы жасалып, 2008 жылы қолданысқа берілді. Қазіргі уақытта Қазақстанда 18 данасы бар. Зымыран кешені 80 шақырымдағы нысананы жойып жіберуге қауқарлы. Бірнеше зымыран түрін қолдануға мүмкіндік беретін артықшылықтарға ие.

Айбат  - миномет. 120-мм миномет 2007 жылы Израильдің "Солтам" компаниясымен бірлесіп жасалған. Миномет минутына 16 мәрте ату қабілетіне ие және 9 шақырымдағы нысанды жоя алады.

Семсер  - өздігінен жүретін артиллериялық қондырғысы. 2007 жылы Израильдің "Солтам" компаниясымен бірлесіп жасаған отандық артиллерия қондырғысы болып табылады. Минутына 6 мәрте соққы жасай алады. 16 шақырымдағы нысанагы жою қабілетіне ие. Қазіргі уақытта Қазақстан қарулы күштерінде 20 "Семсер" бар.

Барыс - бронды әскери техникасы. 2А42 30-мм автоматты ату зеңбірегі орналасқан. Сыртқы брондық қорғанысы өте берік, ал ішкі тұсы ұрыс жүргізуге ыңғайлы етіп жасалған. Барыс "Kazakhstan Paramount Engineering" компаниясының өнімі.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер