Рэпер Моргенштерн есірткіні насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

6157
Adyrna.kz Telegram

Рэпер Моргенштернге есірткіні насихаттағаны үшін әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Mash-тың хабарлауынша, ЛДПР-дің бұрынғы депутаты Дмитрий Носов Алишердің шығармашылығына қатты ашуланғаны соншалық, ол полициямен байланысуға шешім қабылдады. Енді рэперге «Розовое Вино-2» және Family клиптері үшін миллион рубльге дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Рэпер Моргенштерннің шығармышылығы - есірткіні ашық түрде насихаттау. Бас прокуратураның тексерісінен кейін музыкантты тек әкімшілік жауапкершілік ғана күтіп тұрмауы мүмкін, деп мәлімдеді «Қауіпсіз интернет лигасының» директоры және Ресей Қоғамдық палата мүшесі Екатерина Мизулина.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер