VIII Қысқы Азияданың алауы тұтанды

3465
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында VІІІ Қысқы Азия ойындарының ресми түрде салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Саппородан ҚазАқпарат тілшісі.

Азиада ойындарының шеруінде еліміздің Туын шаңғы жарысынан бес дүркін Қазақстан чемпионы, Сочи Олимпиадасының қатысушысы Ердос Ахмадиев ұстап шықты.

VIII Қысқы Азиада ойындары Жапонияның Саппоро қаласында 19-26 ақпан аралығында өтеді. Жалпы, жарыста 31 елдің спортшылары 11 спорт түрінен 64 медаль жиынтығын сарапқа салады. Бұл бәсі биік додаға еліміздің намысын қорғауға 153 спортшы келді.

sapporo

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылы Астана мен Алматы қаласында қатар өткен VII қысқы Азияда ойындарында Қазақстан спортшылары 32 алтын, 21 күміс, 17 қола жүлде еншілеген болатын. Осылайша жалпы командалық есепте бірінші орын алғанымен қоса, Қысқы Азия ойындарындағы ең көп алтын иемденген елге айналды.


"Адырна" кз

Пікірлер