Түркіменстан түрік мультфильмдеріне тыйым салды. Неге?

3827
Adyrna.kz Telegram

Түркіменстан балабақшаларда түрік мультфильмдері мен бағдарламаларын көрсетуге тыйым салды. Басты себеп, балалардың түрік тілінде сөйлеп кетуі болып отыр. 

Ақпан айындағы тексеріс кезінде, Түркіменстанның Фарап, Саят және басқа атыраптарында балабақша қызметкерлері балаларға түрік тіліндегі мультфильмдер мен бағдарламаларды көрсететіні анықталған.  Түркімен және түрік тілдері ұқсас болғандықтан, көптеген балалар түрік сөздерін қолдана бастаған.

Тексеріс соңында мектепке дейінгі мекемелерде түрік тіліндегі арналарды көрсетуге тыйым салынды. Тапсырманың орындалуын арнайы комиссия аптасына 3 мәрте қадағалап, тексеріп тұрады.

Егер түрік тіліндегі арна қосулы болса, онда балабақша қызметкері, басшысы жұмыстан шығарылуы мүмкін. 

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ,
«Адырна» ұлттық порталы

 

 

Пікірлер