Қызыл коммунистер шын мәнінде жеңіске жетті ме?

2184
Adyrna.kz Telegram

Сонымен ұзақ күткен партиялардың саяси додасы аяқталып, ақыры нәтиже жалпақ жұртшылыққа мәлім болды. «НұрОтан», «Ақжол» және Қазақстан халықтық партиясы енді парламентке барады.

Бірақ көңілде көп күмән қалды. Мақұл, «Нұр Отан»мен «Ақжолдың» жеңісі күмәнсіз дейік. Алайда үшінші орынға шыққан Қазақстан халықтық партиясы шын мәнінде айқын басымдылықпен өзге екі партиядан жеңісті жұлып алды ма? Расында да Косарев мұраға қалдырып кеткен коммунистердің халықтың партиясы ыстық ықыласына бөленіп, бұқараның даусын алды ма? Тұманды, күмәндінәрселер көп. Сайлауға бірер ай қалып, саяси додаға қатысқалы тұрған сәтте өткелде атын ауыстырып «халықтық» болып шыға келген олар кешелі бері айрықша қуанып жатыр. Өздері де күтпеген жеңісті билік жедел алып берсе, бөркін аспанға атпағанда қайтеді?! Біздің билікке осылай үндемей отырып саясатын жүргізетін «қызыл сұңқарлар» керек боп тұр ғой.

Коммунистердің кешегі жеңісінен кейін әлеуметтік желі қарама-қайшы пікірлерге толды. Ешкім де коммунистер дауыс алу жағынан үшінші орынға шығады деп ойлаған жоқ. Енді келіп, болмайтын болжам ақиқатқа айналды.

Үлкен ойын болды. «Ауыл» мен «Адалды» жұрт қазірдің өзінде әне бір жылғы «Қосанов синдромы»деп жатыр. Менің жыным келетіні, билік неліктен коммунистерге мүмкіндік берді екен? Міне, қазақ, сенің билігіңнің тіліне де, діліңе де түкіргені бар. Мәжіліске мәңгүрттер керек. Босада ойын ойнағанкоммунистердің орнына не «Ауылды», не «Адалды» жіберу керек еді»,- деп жазды Mukharbek Makhambet атты белсенді азамат өзінің фейсбук парақшасында.

Өмірі қазақша сөйлемейтін коммунист Қоңыровтар енді  тағы да төрт-бес жыл парламентте отырып, қазақ сенің  мәселеңді, тарихыңды, тағдырыңды, шешеді.

...«Ауыл» мен «Адалға» обал болды-ау...

Еркін ҚАЛДАН,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер