Әлеуметтік желінің әлегі

1506

«Фейсбук», «Вконтакте», «Инстаграм», «Однокласники».. Бүгінде осындай әлеуметтік желілерге байланып, бар уақыты мен күш-қуатын, ақшасын жұмсап жататын адамдар көп. Әлеуметтік желілердің жеке адамға, қоғамға, мемлекеттерге ықпалы барған сайын күшейіп барады. Иран, Ауғанстан сияқты ислам елдері былай тұрсын, көрші Қытайда әлемдік әлеуметтік желілерді бұғаттап, тыйым салды.

Әлеуметтік желі арқылы соңғы жаңалықтар мен оқиғалардан хабардар болып отырасың. Екіншіден, әлеуметтік желіден түрлі көңіл көтеретін музыка мен әндер, фильмдер, табасың және бәрі тегін. Сарапшылардың мәліметінше, әлемдегі отыз жасқа дейінгі адамдардың 50 пайызы, жаңа ғасырда туылғандардың 96 пайызы әлеуметтік желіні тұрақты пайдаланады.Мысалы, «Facebook»-тің апталық трафигі«Google»-ден де асып түсті. АҚШ-тың әрбір сегізінші жұбы әлеуметтік желілер арқылы танысқан. 50 миллион қолданушыны өзіне қарату үшін радио отыз сегіз жыл, телевизия он үш жыл, интернет төрт жыл талмай қызмет еткен. Ал «Facebook» бір жылда 200 милллион адам жинады. Тіркелушілер саны Қытай халқының өсу үдерісінен де асып түсуде. Ал, компаниялардың 80 пайызы кадр табуда әлеуметтік желілерге жүгінеді. Батыстың танымалдары Леди Гага мен Джастен Бибердің твиттердегі оқырмандарсаны Қазақстан халқынан да көп.

Бүгінде әлеуметтік желілер алып күшке айналып бара жатқандай көрінеді. Уақыт пен қашықтыққа қарамай «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын» желілер жетерлік. Виртуалды әлемге кіріп,соның шырмауында кетіп жатқан жастарды аз емес. Ақиқаты өмірден алшақ кеткендері де бар. Дегенмен, әлеуметтік желіні дұрыс мақсатта қолданып жүргендер де бар. Әлеуметтік желі көмегімен біреу өз бизнесінжүргізіп жатса, біреу қайырымдылық жұмыстарын өткізіп жатыр. Енді біреуі өзінің оқып, білген-түйгенін жұртпен бөлісіп жатыр.

Енді әлеуметтік желіге кірер алдында сіз қандай мақсатпен кіріп жатқаныңызды ойланыңыз! Желілер арқылы әркім оз ойын ашық жеткізіп қазақша контент жасап,блогер болып нәпақысын тауып жүргендерде жетерлік.

Жоғарғыда айтылған желілердің көш басында тұрған – «Instagram» бүгінгі жастардың тренд немесе брендіне айналған.Бұл желінің ерекшелігі жастардың аудиториясын түрлі сурет, видео,анимациялармен ерекшелендіреді. Кез–келген адам тіркеліп, өзінің қалаған суреттерін қойып, лайк жинау маңызды. Бұл желі арқылы қалаған уақытыңда журналистер сияқты оқиға орнынан ақпарат таратуға да болады.

Статистикалық мәліметтерге сенсек, жыл сайын әлемде шамамен 100 адам әлеуметтік желіде қалдырған хаты үшін өмірден озады.Әлеуметтік медианы тек ақпарат көзі ретінде ғана емес, табыс көзі ретінде пайдалануға болады. Тек жарнама арқылы емеспарақшаларға адам тарту, сайтпен бөлісу, компанияларға ақылы қызмет көрсету сынды жолдармен табыс табуға болады.

Еліміздің басшысы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан бастап қоғам белсенділері саяси мәселерді осы желілерде жариялап,күнделікті жазба қалдырып отырады.Еліміздің екінші президенті халыққа арналған қысқа үнедеу мен өзіндік ойларын «Twitter-де» бөлісіп отырады. Осы желі арқылы халыққа да жақын әрі кері байланыстың бар екенін көрсетіп жүр. Маңызы бар желілер де отыруды басты назарда ұстайық. «Бес саусақ бірдей емес» демекші, бұл жөнінде әркім әрқалай ой өрбітер. Ең бастысы жалған әлемге алданбай пайдалы іспен айналысу басты назарда екенін ұмытпайық.

Индира БІРЖАНСАЛ,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы