Апат айтып келмейді: Төтенше жағдайға дайындығымыз қалай

3382
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан тәуелсіздігін алған алғашқы жылдары елде болуы мүмкін әр түрлі төтенше жағдайлардың алдын алу үшін дайындық мәселелері басты назарға алынған болатын. Соның арқасында 30 жыл төңірегінде кездескен ауыр жағдайлардың алдын алып, сақтық шараларын күшейте алдық деп анық айта аламыз.

Кенеттен туындауы мүмкін апатты жағдайдың алдын алу мәселесі 1993 жылы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев табиғи және техногендік сипаттағы түрлі апаттардың алын алу және зардаптарын жою жөніндегі қосымша шаралар туралы қаулысын қабылдады. Ел мен жерге қауіп төндіретін тосын жаңдайлардың болмауы үшін төтенше жағдайлардың алдын алу мен іс-қимылдары жөнінде ұзақ мерзімді бағдарлама дайындалып, қолданысқа енді.

Аталған қаулыда «Өнеркәсiп апаттары, жер сілкінуден болатын төтенше жағдайларды болдырмау және олардың зардаптарынан келетiн шығынды азайту мәселелерi мемлекеттiк саясат жүргiзудiң басым саласы деп саналсын», деп анық жазылған. Оған қоса «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару органдарының және шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң басшылары адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғау, экономиканың мемлекеттiк секторының экономикалық әлеуетiн сақтау жөнiнде уақтылы шаралар қабылдамағаны үшiн жеке-дара жауап бередi», деп тайға таңба басқандай көрсетілген.

Дер кезінде қабылданған осынау қарарда «Еліміздің төтенше жағдай кезінде алдын алу және iс-қимыл жөнiндегi ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк бағдарламаның жобасын әзiрлеп, бекiтуге табыс етсiн, онда бiрiншi кезекте: республиканың сейсмикалық қауiптi аймақтарындағы ғимараттардың, құрылыстардың, әсiресе мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiнiң, мектептердiң, ауруханалардың, емханалардың, адамдар жаппай келетiн әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлердiң және басқа объектiлердiң сейсмикалық орнықтылығын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу; құтқару қызметiн нығайту, оны керектi адам санымен толықтыру және қажеттi техникамен, арнайы жабдықтармен, шұғыл авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған құралдармен жарақтандыру, сондай-ақ табиғи зiлзала, апат болған кезде халыққа медициналық көмек көрсету туралы» нақты жазылған.

Президент тапсырмасынан соң көп ұзамай арнайы бағдарлама жайлы Министрлер кабинетінің қаулысы шыққан болатын. Халықты табиғи төтенше жағдайлардан қорғайтын уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті болып келген еді.

Осы жылдың қыркүйек айында Қазақстан пезиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен төтенше жағдайлар министрлігі құрылды.

Атам қазақта «Сақтансаң - сақтаймын» деген даналық сөз бар. Бүгінгі күнде кенеттен келер түрлі апаттың алдын алу үшін елді хабарландыру мақсатында еліміздің арнайы мамандары түрлі жұмыстарды атқарып, сапалы әрі жоғары деңгейде қызмет өтеу жолдарын іздеуде. Түрлі-түрлі сақтық жолдары мен бейне ескертулер арқылы жұрт сауатын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Мысалға алар болсақ, еліміздің 60 пайызын шөл дала саналатындытқан дала өрті және оның туындау себептері жайлы арнайы бейне-роликтерде көптеген ақпарраттар тізбегі бар.

Ойламаған жерден туындаған қайғылы оқиғадан кейін өтенше жағдайлардың алдын алу мәселесіне аса қатты мән беріліп, дайындық барыстары үнемі қайталай пысықталып отырады.

Мысалы, өткен жылдың алғашқы жартысында Азаматтық қорғау органдары қызметінің нәтижесі төмендегідей:

Республика аумағында 7 230 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиға тіркелді, онда 1 585 адам зардап шекті, оның ішінде 492адам қаза болды. Материалдық нұқсан 1 055,9 млн. теңгені құрады.«112» шұғыл қызмет телефонына азаматтардан 2 млн. 824 мың 37 қоңырау, оның ішінде «101»-ге 945 мың 261 қоңырау келіп түсті.

Осы төтенше оқиғалар салдарын жою үшін өрт сөндіру қызметі, жедел-құтқарушылар және ТЖ өзге бөлімшелері 31 мың 262 шығуды жүзеге асырды, 6 413 адам құтқарылды, ТЖ аумағынан 20 731 адам көшірілді, 3 004 зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының қызметі 23 456 – дабыл бойынша шығуды жүзеге асырды, апат ешқашан айтып келген емес. Сол үшін мемлекетімізде қандай да бір төтенше жағдай болмасын, біздің ел азаматтары сақтық білімдерін одан әрі жетілдіріп, адам өміріне қауіп әкелер апаттардың алдын алуға барлығымыз мүдделі болуға тиіспіз.

 

Ұларбек Дәлейұлы

Сурет ашық дереккөзден

Пікірлер