Ақмола облысында өрттен екі бала қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеп.
"Бурабай ауданына қарасты Шұбарағаш ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Өрттің аумағы 3 шаршы метрді құрады. Түтіннен улану салдарынан 2017 және 2021 жылдары туған екі бала қаза тапты. ТЖД-ның шұғыл нөмірлеріне қоңырау түспеген. Өртті куәгерлер сөндірген", – деп мәлімдеді ТЖД.
Өрттің себебін анықтау үшін Ақмола облысы ТЖД-ның зерттеу сынақтық өрт зертханасы жұмылдырылды. Бурабай ауданының ТЖ бөлімі ҚК-нің 292-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін сотқа дейінгі тергеудің өзге деректері жария етілмейді, деп атап өтті ТЖД.