Қазақстанда қаржы пирамидасынан 1000-нан аса адам зардап шекті

2186
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда Questra World қаржы пирамидасынан 1000-нан аса адам зардап шеккен. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

"Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті 2016-2017 жылдар аралығында Questra Holding, Questra World, Atlantic Global Asset Management, Five Winds Asset Managent деген атаулармен қаржылық пирамида құрған бірқатар еліміздің және басқа да мемлекеттердің азаматтарына қатысты тергеуді бастады. Олардың әрекетінен мыңдаған қазақстандық жапа шеккен. Қарапайым азаматтар бас-аяғы 1 миллиардтан аса қаржыға алданғанын айтып отыр", - деді Нұрділдә Ораз.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер