Мектепті басқару жүйесін өзгертетін кез келді

4724
Adyrna.kz Telegram
Мұғалімге шын мәртебе бергіміз келсе мектепті басқару жүйесін өзгертетін кез келді. Ол үшін ең алдымен мектептегі БАСТЫ ТҰЛҒА білім беруші - МҰҒАЛІМ болу керек! Ол үшін директор, завуч деген әкімшіл-әміршіл басқарушылық жүйені ұйымдастырушы-менеджерлік жүйеге өзгерткен жөн.
1) Оқу менеджері - қазіргі тілде оқу ісі орынбасары;
2) Тәрбие менеджері - қазіргі тілде тәрбие жөніндегі орынбасары;
3) Бас менеджер - қазіргі тілде директор.
Бұл қызметтердің атымен қоса ЗАТЫ өзгеру қажет. Оқу менеджері дегеніміз "Жоспарың қайда?! Тез әкел, қол қоям!", "Әй қайдасың, сабағыңда неге отырмайсың?!", деген әкіреңдеген айқайшы емес! Мұғалімге бала оқытуға жағдай жасаушы, жақсы білім беруге, уақытында келуге не жетпей жатқанын зерттеуші менеджер болу керек.
Тәрбие менеджері: "Білім күніне өткізген сабақтарыңның фотоотчетын неге тапсырмағансыңдар?! Тілдер күніне неге сабақ жоспарын бекітпегенсіңдер?! 1 сағат уақыт берем" деп бітпейтін жоспар, есеп сұраушы емес, керсінше осыны өзі ұйымдастырушы менеджер болу керек.
Бас менеджердің қызметі білім беруші (мұғалім) мен білім алушының (оқушы) жағдайын жасауға бағытталу керек. Бас менеджер жаңа заманға сай, жаңа технологиялар тілін жетік меңгерген, мұғалімдерге оқытудың түрлі әдіс-тәсілдері бойынша кеңес беретін, былайша айтқанда мастеркласс өткізетін маман болғаны жөн.
Қысқасы білім беруді ұйымдастыруды түбегейлі өзгертіп, мұғалім өзін біреудің қол астындағы жұмысшы сезімінен арылып, тұлғалық қасиеті қалыптаспай, мәртебесінің биіктеуіне заң да, басқа да көмектесе алмайды.
Мен қазақтың баласы
Пікірлер