Біздегі барлық қиыншылықтарға «доллардың» өсуі кінәлі

2128
Adyrna.kz Telegram

Данияр Ақышев Еліміздің Ұлттық Банкінің  басшысы болып тұрған кезде Қазақстан долларсыздануды бастаған еді. Осы операцияның стратегиясы мен тактикасы қоғамда әлі күнге қызу талқыланса, жеткен нәтижесі де күмәнді.

Долларсыздану  бағыты осыдан  алты жыл бұрын қабылданса да, Қазақстан әлі күнге американдық валютаның ырқынан шыға алмай отырғандығы жасырын емес. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы Camonitor.kz ақпараттық порталына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Биылғы жылдың наурыз айында теңгеміз біраз құлдырағаны белгілі, міне сол кезде отандастарымыз карантинге байланысты ақша айырбастау пунктерінің жұмыс істемегендігіне де қарамастан, әдеттегіден үш есе көп доллар валютасын сатып алған.

Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлағандай маусым айында, «халық нетто-негізде» 193,4 миллиард теңгеге (2020 жылғы мамырда – 146,2 миллиард теңге) баламалы сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алыпты. Осы шет ел валюталарын сатып алуға кеткен шығыстардың негізгі көлемі АҚШ долларын сатып алуға жұмсалған  – 73,2 пайыз немесе 141,5 миллиард теңге болып, алдыңғы  аймен салыстырғанда бұл шығыстар 32,2 пайызға артып отыр.

Дегенмен, Ұлттық банктің долларсыздану бағыты мүлдем жүзеге асып жатқан жоқ деп те айтуға болмайды. Бұған еліміздегі теңгемен салынып жатқан депозиттардің өсіп келе жатқандығы дәлел болғандай.

2020 жылдың маусым айындағы мәліметтер бойынша, «ұлтық валютадағы депозиттер көлемі бір айда 3 пайызға 11,9 триллион теңгеге дейін ұлғайса, шетел валютасындағы депозиттер көлемі 1,8 пайызға 7,9 миллиард теңгеге дейін азайған. Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2020 жылғы маусымда 3,2 пайызға 6,2 триллион теңгеге дейін өсті, шетел валютасында 1,1 пайызға 3,9 триллионға дейін (заңды тұлғалардың депозиттерінің 39 пайызы) азайды. Ал жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 2,7 пайызға 5,7 триллион теңгеге дейін артып, шетел валютасындағы депозиттері 2,5 пайызға 3,9 триллионға дейін (жеке тұлғалардың депозиттерінің 41,1 пайызы) азайды».

Бірақ бұл сандарға қарап, біз доллармен күрестегі еліміздің жетістіктері үшін марқайа аламыз ба? Осыдан бірнеше жыл бұрын белгілі экономист Петр Своик  «Қазақстан үшін нақты долларсыздану  тек  ЕАЭО шеңберінде ғана мүмкін болатынын айтқан болатын».

ЕАЭО елдерін американдық валютадан бас тартуға итермелейтін ұрандар осы бірлестік құрылғаннан бері  бес жыл бойы айтылып келеді.

Экономикадағы долларлық байлыққа қарсы күресте "бірлескен күш – жігердің"  пайдасын  халықаралық тәжірибе де көруге болады  - атап айтқанда, әңгіме БРИКС елдері мен Еуроодақ туралы болып отыр.

Әрине, жалғыз күресіп көруге де болады, бір кездері осыны жақсы жетістіктермен жасаған Жапония сияқты. Алайда, ол үшін біз өз экономикамызды нақты қайта құруымыз, қосылған құны жоғары және экспорттық әлеуеті жоғары түпкілікті өнім шығару өндірісін жолға қоюымыз керек.

Біз үшін шынайылыққа жақын нұсқа - қазірдің өзінде қалыптасқан "құрамға " "тіркелу" болып отыр.Бірақ Қазақстан осы жолды таңдай ма? Билік, бизнес, халық оқиғалардың осылай өрбуіне дайын ба?

Осы  және долларсыздануға қатысты басқа да сұрақтар бойынша  Wall Street Invest Partnersкомпаниясының сарапшысы  Данияр  
Жұмекеновтің жауабын назарларыңызға ұсынамыз.

«Долларлану феномені қандай да бір жолмен кез-келген елде байқалатынын түсінуіміз керек,  әсіресе ұлттық валюталары қатты құбылмалылыққа ұшыраған мемлекеттерде айқын көрінеді. Соңғы 15 жылда теңге долларға қатысты үш еседен астам арзандаса, ал бағамның күрт өсуі шамамен бес жыл сайын орын алып отырды. Егер нақты нәтижелер туралы айтатын болсақ, онда жағдайды өзгерту үшін ешқандай алғышарттар байқалмады.

Қазақстанның барлық ЖІӨ - нің жартысына жуығы экспортқа және оның инфрақұрылымына келеді-елде тұтынылмайтын нәрсе өндіріледі, ал әлсіз бағам отандық компанияларға халықаралық нарықтарда неғұрлым тиімді бәсекелесуге мүмкіндік береді. Екінші жағынан, импортқа ЖІӨ-нің үштен бір бөлігі келеді, яғни қазақстандықтар негізінен шетелдік тауарларды тұтынады. Мұндай жағдай инфляцияны шетелден импорттауға ғана емес, сонымен бірге валютаны Қазақстаннан белсенді "шығаруға" да ықпал етеді. Мұнда тек шетелдік компаниялар ғана емес, сонымен бірге экспортпен байланысты қазақстандық фирмалар да бар. Мұның нәтижесінен  - өте жоғары инфляция болады да,  халықты доллардан «пана» іздеуге итермелейді.

Теңгемен салынған  депозиттер долларлық депозиттерге қарағанда анағұрлым жоғары табыстылықты ұсынады, бұл ішінара тыныш кезеңде халықтың теңгелік салымдарының ұлғаюына ықпал етеді.

Соған қарамастан, экономикада белгісіздік өсіп, инфляциялық тәуекелдер пайда болған кезде, халық бірден доллар сатып алуға жүгіреді. Мұндай жағдайда американдық валютаға ие болу жинақ ақшаны қорғауға және ұлттық валютадағы депозиттерге қарағанда жоғары кіріс беруге қабілетті.

Бізде азық-түлік бағасының өсуінен бастап, ТКШ қызметтеріне тарифтердің өсуіне дейін барлық қиыншылықтарға,  доллардың өсіп келе жатқан бағамын кінәлау әдетке айналған. Мұндай риторика қашанға дейін сақталатын болса,  халық сол уақытқа дейін теңгеге қарағанда долларға көбірек сенетін болады. Теңгеге, ұлттық экономикаға, Үкіметке, Ұлттық Банкке деген сенімді арттыру арқылы ғана халықтың мінез-құлқының жинақ моделін өзгертуге болады», дейді Д. Жұмекенов.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер