Әлем бойынша 21 миллион адам құлдықта жүр

3206
Adyrna.kz Telegram

30 шілде Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні. Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы 2013 жылы "Адам саудасы құрбандарының жағдайы туралы ақпараттылықты арттыру және олардың құқықтарын көтермелеу мен  қорғау" мақсатында A/RES/68/192 қарарында жариялаған болатын.

Адам саудасы ауыр қылмыс және адам құқықтарын өрескел бұзу болып табылады. Жыл сайын мыңдаған ерлер, әйелдер мен балалар өз елінде болсын, шетелде болсын адам саудагерлерінің қолына түседі. Әлемнің барлық елдері дерлік  адам саудасынан зардап шегіп отыр.

Адам саудасымен айналысатындар – өз құрбандарын көбіне, қандай жағдайда болмасын, құл ретінде ұстайды. Құл – ол басқа бір адамға тәуелді, өз жеке басының құқықтарынан мүлдем айырылған адам. Құлға – негізінен, адам емес, зат ретінде қарайды.

Қазіргі күні  әлемнің бірқатар аймақтарында мәжбүрлі еңбекті пайдалану жаппай сипат алуда, бұл БҰҰ-ның статистикалық деректерімен расталып отыр. Халықаралық еңбек ұйымының бағалауы бойынша, бүкіл әлемде 21 миллион адам мәжбүрлі еңбектің құрбаны болып табылады, бір сөзбен айтқанда бұларды  құл  деуге болады.Көбінесе құл саудасының құрбандары – адамзаттың қорғансыз санаттарына жататын әйелдер мен балалар болып келеді.

Қазақстан 2-деңгейдің ерекше назар тізімінде екінші жыл қатарынан қалып отыр.

«Қазақстанда адам саудасына қатысы бар» деп күдікке ілінген полиция қызметкерлеріне немесе шенеуніктерге қатысты ресми тергеу немесе соттық қудалау жүргізілмеген.

Елімізде адам саудасы туралы істер бойынша полиция жүргізген тергеп –тексерулердің  саны 2018 жылы 106 іс болса,  2019 жылы 45-ке дейін қысқарған.   Бұл туралы Адырна ұлттық порталы Қазақстандағы АҚШ елшілігі мен Консулдығының ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қазақстан Үкіметі Адам саудасын жою жөніндегі ең төменгі стандарттарды толық көлемде сақтамаған. Дегенмен Үкімет тарапынан  адам саудасының құрбандарын анықтау бойынша дипломатиялық персоналға арналған нұсқаулықтар әзірленді, еңбекті қорғау жөніндегі кейбір инспекторларды құрбандарды анықтау бойынша оқыту жүргізілді және ҮЕҰ-ды қаржыландырудың жыл сайынғы процесін жетілдіру бойынша алғашқы қадамдар жасалды.  Алайда Үкімет алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда атқарылған  шаралардың жалпы белсенділігін  көрсетпеді.   Бұдан бұрында  халықтың болжамды санына сәйкес келмеген, Үкіметтің шетелдік құрбандарды анықтау және қорғау жөніндегі қызметі қысқарды.

Қылмыстық тергеу жүргізуге жәрдем көрсетпеген шетелдік құрбандардың  қызмет алуға құқығы болмады   және елден шығарудың қандай да бір құқықтық баламаларынан айырылды.

Құқық қорғау органдары еңбекті  пайдалану мақсатында Адам саудасына  байланысты қылмыс жасаған адамдарды тергеу, қудалау және жауапкершілікке тарту бойынша шектеулі шаралар қабылдауды жалғастырды. Міне, осы типтегі қылмыстар үшін үкімдер саны қатарынан төртінші жыл  азаюда.

«ҮЕҰ полиция қызметкерлерінің адам саудасына қатысы бар» деп болжанған жағдайлар туралы хабарлауды жалғастырғанымен, бірақ мұндай қылмыстарға қатысы бар деп күдікке ілінген полиция қызметкерлерін немесе басқа шенеуніктерді ресми тергеу немесе соттық қудалау іс жүзінде жүргізілмеді. Осылайша, Қазақстан 2-деңгейдің ерекше назар тізімінде екінші жыл қатарынан қалды.

Адам саудасына қатысты 86 іс бойынша тергеу басталды

Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі заңдар қатаңдатылды, бірақ тұтастай алғанда үкіметтің құқық қолдану қызметінің  бұл құбылыстың жолын кесу төмендеді. Қылмыстық кодекстің 128, 134, 135, 308, 125 (3b) және 126 (3b) баптары сексуалды және еңбек эксплуатациялары мақсатында адам саудасы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Алайда, халықаралық құқық нормаларына сәйкес адам саудасының анықтамасына қайшы келе отырып,  қолданыстағы заңнама зорлық-зомбылықты, алаяқтықты  және мәжбүрлеуді қылмыстың маңызды элементтері ретінде қарастырмай, оларды жауапкершілікті  ауырлататын жағдайларға ғана жатқызады.  

2019 жылдың желтоқсанында заңнамаға адам саудасына қатысы қылмыстарға жазаны ұлғайтуға бағытталған түзетулер енгізілді.

Өзгеріс енгізілген заңнамада кәмелеттік жасқатолған адамдарды сатқаны үшін төрт жылдан жеті жылға дейінгі және балаларды сатқаны үшін бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген, ауырлататын жағдайларда жаза он сегіз жылға дейінгі мерзімге ұзартылуы мүмкін.

Бұларды өте қатаң жаза деуге болады, ал жыныстық пайдалану үшін жасалған адам саудасы,зорлау сияқты ауыр қылмыс ретінде жазаланады.

Адам саудасы туралы істер бойынша полиция жүргізген тергеп-тексерулердің  саны 2018 жылы 106 іс болса,  2019 жылы 45-ке дейін қысқарған.

Сонымен қатар, халықаралық құқыққа сәйкесадам саудасы санатына жататын органдарды алу туралы 57  іс бойынша тергеп-тексеру жүргізген; алайда бұл істер АҚШ заңнамасына сәйкес адам саудасына қарсы күрес шеңберінде қарастырылмайды.

2019 жылы адам саудасы туралы 67 іс бойынша қылмыстық қудалау қозғалса, 2018  жылы мұндай істердің саны көрсетілмеген.  2019 жылы адам саудасымен айналысатын 8 адам кінәлі деп танылған, ал 2018 жылы бұл сан 17 болса, 2017 жылы 29- көрсетсе, 2016 жылы 46 болған. Салыстырмалы түрде қарасақ төртінші жыл қатарынан азаю байқалады.  

2019 жылы сотталған сегіз адамның  алтауы бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылса, біреуі 3 жылға шартты түрде сотталды және тағы біреуіне қатысты  6,8 жылға бас бостандығынан айыру   мерзімін кейінге қалдыру туралы ішінара үкім шығарылды.

Сондай-ақ, сутенерлік және притондарды ұстауды қоса алғанда  адам саудасына қатысты 86 іс бойынша тергеу басталды  (2018 жылы осындай 182 іс қаралған еді).

Адам саудасы бойынша көптеген істер және оларға қатысты істер полицияның "Адам саудасын тоқтату" ұранымен төрт көп күндік арнайы операциялар жүргізу нәтижесінде қозғалды, оның барысында притондар анықталып, жабылды, сутенерлер ұсталып,  жыныстық қатынасқа коммерциялық мақсатта барған кәмелеттік жастағыадамдар есепке алынды.

  Екінші жыл қатарынан еңбекті пайдалану мақсатында адам саудасымен айналысатын бір де бір адам сотталған жоқ. 

Адам сататындар  жауапкершіліктен қашып,  құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кіші құрамына пара бергені, ал жекелеген полиция қызметкерлері мәжбүрлі еңбек пен жыныстық қанаушылыққа байланысты қылмыстарға көмектескені туралы ҮЕҰ хабарламалары келіп түсуді жалғастырды.  ҮЕҰ – ға  адам саудасының  құрбандарының айғақтарына қарамастан, кейбір қылмыстық істер "дәлелсіз" деп жабылғанын хабарлады. Үкімет Қостанай облысының полиция қызметкерін билікті теріс пайдаланғаны және екі әйелді коммерциялық секске мәжбүрлеп притон қызметіне ықпал еткені үшін айыптап, лауазымды тұлғаның қылмыстық әрекетке қатысы туралы 2018 жылғы істің аяқталғаны туралы хабарлаған.

Полиция, прокуратура және сот органдарының қызметкерлерін адам саудасына байланысты қылмыстық әрекеттерді анықтау, тергеу және қудалау бойынша оқыту жалғастырылды, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің адам саудасына қарсы халықаралық конференцияларға қатысуы қаржыландырылды.

Ресми органдар барлық оқыту бағдарламаларын өткізу үшін алаңдар ұсынды және оларға қатысу құнын төледі, ал халықаралық ұйымдар, ҮЕҰ және халықаралық донорлар нұсқаушылардың сапарлары мен оқыту материалдарын ұсыну құнын қоса алғанда, өзге де шығындарды жапты.

Соңғы жылдары алғаш рет еңбекті қорғау жөніндегі кейбір инспекторлар зардап шеккендерді анықтау бойынша арнайы оқудан өтті, алайда олардың ресми міндеттеріне адам саудасының белгілерін анықтау немесе тиісті құқық қорғау органдарына еңбекпен қанау мақсатында Адам саудасына байланысты болуы мүмкін қылмыстар туралы ақпарат беру кірмеді.

Қазақстандық төрт адам Оңтүстік Кореядажыныстық қанаушылықтың құрбаны болды

Есеп беру кезеңі ішінде ресми органдар Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және АҚШ-ты қоса алғанда, басқа елдердің үкіметтерімен бірлесіп, адам саудасына байланысты 10 іс бойынша тергеу жүргізді, сондай-ақ көрші елдермен бірлесіп адам саудасына қарсы күрес бойынша бірқатар операциялар жүргізді.

Барынша мол ынтымақтастыққа қарамастан, шекарашылардың ірі шекара өткелдерінде көрші мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен жұмысты төмен үйлестіру байқалды. 2019 жылы адам саудасына байланысты қылмыстары үшін өз елдерінде іздеуде жүрген бес шетелдік азамат экстрадицияланды.

Қазақстан азаматтары болып табылатын адам саудасының  құрбандарын қорғау бойынша шаралар қабылдауды жалғастырды, бірақ шетелдік құрбандарды анықтау және оларға көмек көрсету жөніндегі күш-жігер елеусіз қалып отырды.  Адам саудасы  құрбандарының анықталған саны 2018 жылғы 83 жағдаймен салыстырғанда  40-қа азайды. Тек алтауы ғана аман қалып, қалғандары Қазақстанда қанауға ұшырады; 35 адам жыныстық қанау мақсатында адам саудасының құрбаны болды, тағы бес адам мәжбүрлі еңбектің құрбаны болды. Екі адамнан басқа барлық құрбандар Қазақстаннан болды; мәжбүрлі қайыршылықпен айналысқан Өзбекстаннан келген екі құрбан және Ресейден келген мәжбүрлі еңбектің бір құрбаны анықталды. Қазақстаннан төрт адам Оңтүстік Кореяда жыныстық қанаушылық мақсатында адам саудасының құрбаны болды.

Өткен жылдағыдай, жыныстық қанаушылық құрбандарының көпшілігі полиция адам саудасына қарсы күрес жөніндегі төрт арнайы операцияның бірін жүргізу барысында анықталды. Бұл операциялар притондарды табу және жабу, сутенерлерді ұстау және коммерциялық мақсатта жыныстық қатынасқа түскен әйелдерді есепке қою арқылы адам саудасының жағдайларын анықтауға бағытталған.

Мәжбүрлі еңбек құрбандары мен шетелдік құрбандардың аз болуы құқық қорғау органдарының ағымдағы қызметі аясында жыл бойы тұрақты профилактикалық тексерудің жоқтығын көрсетеді. ҮЕҰ хабарлауынша, 2019 жылы Адам саудасының 76 құрбанына (2018 жылғы 122- болған), оның ішінде 21 Қазақстан азаматына және 55 шетел азаматына көмек көрсетілді; олардың көпшілігі ер адамдар және мәжбүрлі еңбек құрбандары болды. 55 шетелдік зардап шеккендердің 51-і Өзбекстаннан келген. Он екі құрбанды  (2018 жылы 19) ҮЕҰ-ға құқық қорғау органдары жіберген,  3 құрбанды-шет мемлекеттердің елшіліктері жіберсе, 23-ҮЕҰ,  7-халықаралық ұйымдармен жіберілген, ал тағы 31 жәбірленуші өз бетінше көмек сұраған (соның ішінде жедел желілерге де хабарласқан).

2019 жылы мемлекет қаржыландыратын ҮЕҰ жедел желісіне 1834 телефон қоңырауы келіп түсті: басым көпшілігінің мазмұны ақпарат беру туралы сұрақтар болды, 12 жағдайда жүгінушілер адам саудасына қарсы күреспен айналысатын полиция бөлімдеріне жіберілді, бірақ осы қоңыраулардың нәтижесінде адам саудасының қандай да бір расталған жағдайлары анықталған жоқ.Байқаушылар атап өткендей, көптеген шетелдік құрбандар полицияға деген сенімнің болмауынан,  сыбайлас жемқорлықтан  және өз жеке бастарының заңсыз мәртебесіне байланысты жазадан немесе депортациядан қорыққандықтан, полиция қызметкерлеріне өздерінің жеке басы туралы ақпаратты ашып көрсеткілері  келмейді.  Құқық қорғау органдарының қызметкерлері шетелдік құрбандарды анықтаған жағдайда, бұл құрбандар көбінесе оларға көмек көрсетуден бас тартады. Сарапшылардың пікірінше, шетелдік құрбандар қайтып оралғанда өз елдерінің құқық қорғау органдарына жиі шағымданады, өйткені олар өздерін қауіпсіз сезінеді.

Үкімет ҮЕҰ-дан адам саудасының құрбандарына арналған баспаналарды қаржыландыруға аз өтінім алды, осыған байланысты ҮЕҰ басқаруындағы осындай сегіз баспана қаржыландырылды. 2018 жылы Үкімет ҮЕҰ-дан көбірек өтінімдер алған еді  және 10 баспананы қаржыландырылған болатын. ҮЕҰ ұйымдастырылған адам саудасының құрбандарына арналған сегіз баспанада құқықтық, психологиялықжәне медициналық көмек көрсетілді және жынысы мен жасына қарамастан, барлық құрбандарға-Қазақстан азаматтарына қол жетімді болды. Мұндай қызметтер жәбірленушілерге құқық қорғау органдарына көмектесуге дайын болғанына қарамастан ұсынылды, бірақ барлық жағдайларда, біреуден басқа, әлеуметтік қорғаудың қатаң заңдары шетелдік азаматтардың осы баспаналарда қызмет алуына жол бермеді, ал шетелдік құрбандарға кез-келген көмек тек құқық қорғау органдарына көмек көрсетілген жағдайда ғана көрсетілді.

2019 жылы Үкімет баспаналар үшін 76,2 миллион теңгені (200 000 доллар) және тергеу кезінде құрбандарға тікелей көмек көрсетуге 1 миллион теңгені (2620 доллар) қоса алғанда, құрбандарға тікелей көмек көрсетуге кемінде 77,2 миллион  теңге (202 630 доллар) бөлді — бөлінген қаражат көлемі 2018 жылы баспаналарды қаржыландыру үшін мемлекеттік гранттарға жүгінген ҮЕҰ санының қысқаруына байланысты 2018 жылғы 93,4 миллион теңгеден (245 240 доллар) 17 пайызға азайды.

2017 жылы қабылданған адам саудасының құрбандарына өтемақы төлеу туралы заң 2020 жылы күшіне енуі керек.

Жәбірленушілер азаматтық талап қоюы мүмкін, бірақ олардың көпшілігі мұндай мүмкіндік туралы білмеді немесе қызметтер үшін  сот шығындарын төлей алмады. 2019 жылы жәбірленушілерден азаматтық шағымдар келіп түскен жоқ. Мемлекет адам саудасының құрбандарына адвокаттарды ақысыз негізде береді, бірақ ҮЕҰ хабарламаларына сәйкес, мұндай адвокаттар көбінесе тәжірибесіз болады.

2020 жылғы ақпанда Ирак пен Сириядан келген 550-ден астам қазақстандық әйелдер мен кәмелетке толмағандарды, оның ішінде ата-аналары немесе жұбайлары ИГИЛ -дің жауынгерлік іс-қимылдарына қатысқан деп күдіктенген адам саудасының ықтимал құрбандарын қоса алғанда, репатриациялау бойынша "Жусан" операциясының аяқталғаны туралы жарияланды. Белгілі болғандай, ИГИЛ балаларды сарбаз ретінде пайдаланады және адам саудасының басқа түрлерін қолданады. Мемлекет әдетте балаларды туыстарына орналастырды және оларды қалпына келтіруді және қалыпты өмір салтына оралуды толығымен қаржыландырды және қолдады.

Адам саудасының алдын алу шаралары күшейтілді. 2019 жылы Ішкі істер министрлігі басқаратын адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы 2017-2020 жылдарға арналған Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік іс-қимыл жоспарын енгізуді бағалау үшін екі кездесу өткізді, сондай-ақ 2019 жылғы Адам саудасы туралы баяндаманың ұсынымдарын ескере отырып, іс-қимыл жоспарын әзірлеу үшін арнайы жұмыс тобын құрды.  Адам саудасына қарсы іс-қимылға бағытталған және адам саудасының ықтимал құрбандарына, оның ішінде балаларға арналған ақпараттық-ағартушылық науқандарды қаржыландыру жалғасын тапты.  Адам саудасының құрбаны болған әйелдер үшін, олардың заңды құқықтарына арналған сегіз семинар өткізуге 1,2 миллион теңге (3150 доллар) бөлінді.  Ақпарат және байланыс министрлігі қоғамның ақпараттану деңгейін арттыру және осы түрдегі қылмыстардың алдын алу үшін радио және телебағдарламаларды, сондай - ақ газеттер мен желілік порталдарда мақалалар жариялауды қаржыландырды.  Алайда, халықаралық бақылаушылар шекара өткелдерінде адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселесінде ақпараттандыруды арттыру бойынша материалдардың жетіспеушілігін атап өтті. Билік адам саудасына қарсы күрес бойынша ұйымдасқан ҮЕҰ - дың шұғыл желісі туралы ақпаратты таратуды жалғастырды.  

2019 жылы еңбек заңнамасының бұзылуын анықтау аясында Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі инспекторлары 6681 тексеру жүргізді. Осы тексерулердің нәтижесінде шетелдік жұмыс күшін жалдау және шетелдік қызметкерлерді тиісті құжаттарсыз жұмысқа орналастыру ережелерін бұзғаны үшін 2651 жұмыс күшін жалдаушыға және жұмыс берушіге (салыстырмалы түрде 2018 жылғы 3057 болған) әкімшілік айыппұл салынды. Қандай да бір тексерудің қылмыстық іс қозғауға әкелгені туралы хабарланған жоқ.

Еңбек мигранттарының айтуынша, олар Қазақстанда мигранттарды тіркеу талаптарын сақтай отырып жұмыс табу үшін бейресми бөгде делдалдардың қызметтеріне жүгінген. Мұндай делдалдар көбінесе заңды айналып өтіп, шетелдіктердің саудасына ықпал етті, бірақ олардың бейресми мәртебесіне байланысты сирек жауапқа тартылады.

Адам саудасы туралы 2019 жылғы баяндаманың ұсынымдарына сүйене отырып, Үкімет 2019 жылы дипломатиялық қызметкерлерге сауда құрбандарын анықтау бойынша нұсқаулық әзірледі.  

Кей  жағдайларда балаларды  қайыр сұрауға мәжбүрлейді

Деректерге сәйкес, соңғы бес жылда Қазақстанда адам саудасының  құрбандары ел азаматтары да, шетелдіктер де болған.  Сонымен қатар, Қазақстан азаматтары басқа елдерде де адам саудасының  құрбандары  болды. Адам саудасы ел ішінде өзекті мәселе болып қалуда, өйткені адам саудагерлері жұмысқа орналастырамыз  деген өтірік  уәдемен  құрбандарды ауылдан қалаға тартуды жалғастыруда.  Адам саудагерлері Қазақстан тұрғындарын негізінен Ресейде, сондай-ақ Бахрейнде, Бразилияда, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Корея Республикасында және Түркияда мәжбүрлі еңбекке тартады. Адам саудагерлері жыныстық қатынасқа пайдалану мақсатында Қазақстандық әйелдер мен қыздарды Таяу Шығыста, Еуропада, Шығыс Азияда және АҚШ-та пайдаланады. Қазақстанда Орталық Азия мен Шығыс Еуропаның шектес елдерінен, сондай-ақ Қазақстанның ауылдық аймақтарынан келген әйелдер мен қыздар коммерциялық жыныстық қанаушылыққа ұшырайды.  Көп жағдайда адам саудасымен айналысатындарды   үлкен қалаларда даяшы,  модель немесе күтуші ретінде жұмыс істеуге  берген уәдеге елең ететін қыздар мен әйелдер қызықтырады. Кей  жағдайларда балаларды  қайыр сұрауға мәжбүрлейді.  

Ел астанасы Нұр-сұлтан (Астана), Алматы (қаржы орталығы) және Ақтау мен Атыраудағы (Қазақстанның батыс бөлігіндегі мұнай өндіру өнеркәсібі орталықтарында) салыстырмалы экономикалық әл-ауқат Қазақстанның көптеген тұрғындарын ауылдық жерлерден өздеріне тартады және олардың бір бөлігі еңбек және жыныстық қанау мақсатында адам саудасының құрбанына айналады.  Көбінесе адам саудагерлері Орталық Азия елдерінің азаматтарын, атап айтқанда Өзбекстаннан келген ерлер мен әйелдерді Қазақстанда – үй қызметшісі ретінде, құрылыста, базарларда және ауыл шаруашылығында жұмысқа тартады немесе мәжбүрлейді.

2014 жылдан бастап Ресейде Өзбекстаннан келген шамамен бір миллион мигрант үшін Ресейге қайта кіруге тыйым салынған,  олардың көпшілігі уақытша жұмыс пен Қазақстанда тұруға рұқсат алуға тырысады, онда олар адам саудасының құрбаны болу қаупіне ұшырайды. 2014 жылдан бастап ҮЕҰ шетелдік құрбандарды көбірек анықтады, бірақ бұл мигранттар арасындағы құрбандардың жалпы санының  үлесі ғана. Кейде адам саудагерлері Қазақстандағы құрбандардың достары немесе таныстары бола отырып, оларды алаяқтық әрекеттер мен алдау арқылы азғырады.  

Адам саудасымен айналысатын және Қазақстанда өз жалдаушылары бар ұйымдасқан қылмыстық топтар мен ұсақ шайкалар Қазақстанда және шетелде притондар ұстаушыларымен бірлесіп жұмыс істейді. ҮЕҰ-ның хабарлауынша, адам саудагерлері мигранттарды қанау мақсатында қарыздық тәуелділік негізінде мәжбүрлеу жағдайлары жиілеп кетті. Тәртіпті қорғаудың қатаң ережелерін өз мүдделеріне  қолдана отырып, адам саудагерлері мигранттарды пайдаланушылыққұрбандарының жағдайында болуға мәжбүр етеді және билікке жүгінген жағдайда оларды жазалау және депортациялау мүмкіндігімен қорқытады – осылайша құқық қорғау органдарына деген сенімсіздікті күшейтеді.

Еркегүл ТОҚТАМҰРАТ,

«Адырна» ұлттық портал

Пікірлер