Түркістанда не болып жатыр? (видео)

7264
Adyrna.kz Telegram

Соңғы кезде әлеуметтік желілерде Түркістанда белгісіз дерттен адам өлімі көбейгені жайлы ақпарат кезіп кетті. Белгісіз індет дейтіні тұмау ма, пневмония ма, коронавирус па өзіміз білмейміз деген тұрғындар ауруханаларда орын жоқ, дәрігерлер қарамайды, дәрі-дәрмек тапшы деп мәлімдеген болатын. Бүгін "Адырна" ұлттық порталының тілшісіне Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы ресми жауап берді. Бұл ақпараттардың қауесет, шынждыққа жанаспайтындығын айтқан денсаулық басқармасы жұртты жел сөзге сенбеуге шақырды.

"Қазіргі таңда Түркістан қалалық орталық ауруханасында пневмониямен 291 адам ем қабылдауда. 298 науқас жазылып шықты.
Әлеуметтік желілерде аурухана жабылды және орын жоқ деп тараған ақпарат жалған. Түркістан қалалық орталық ауруханасында қосымша 220 төсек орындық провизорлық стационар қызмет көрсетуде. 54 дәрігер, 109 орта буын және 59 кіші буын қызметкерлері күні-түні науқастарға емдік шараларын аянбай көрсетіп келеді. Науқастарды емдеуге қосымша өңірдегі медициналық ұйымдардан 3 реанимотолог-дәрігер, 1 эпидемиолог және мейірбикелер мен тазалықшылар жұмылдырылған.
Ауруханаларға дәрі-дәрмек қоры ай сайын бөлініп отырады. Қазіргі жағдайда бір айға бөлінген дәрі-дәрмек таусылғандықтан, қордан қосымша дәрі-дәрмектер жеткізілген. Науқастарға дәрі-дәрмек жеткілікті. Тұрғындардан сабыр сақтап, ең бастысы карантин режимін қадағалауларын сұранамыз" дейді Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Нұрхан Нарымбетова болса бұл аурудың тыныс алу жолынан қиындық көріп жүрген науқастарға оңай соқпайтынын айтты.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер